Меморандумға қол қойылды

dogovor180714Жақында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті мен «Топан» ЖШС арасында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ғылым саласында ықпалдастық туралы меморандумға қол қойылды.

Тараптар лабораториялық құрал-жабдықтарды қолдану саласында озық технологиялармен оқыту мақсатында талдаудың инструменталды әдісін қолданатын ортақ оқу орталығын құруға келісім жасасты. Оқу орталығы әлемдік алдыңғы қатарлы өндірушілердің озық аналитикалық құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етіледі және өндірістік компаниялардың, зерттеу институттарының өкілдерін, мемлекеттік зертханалардың қызметкерлерін және ЖОО-ның жоғары курс студенттерін оқытуға мүмкіндік береді.

Университет ректорының міндетін уақытша атқарушы Н.Х.Серғалиев: «Оқу орталығын Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аргарлық-техникалық университетінің базасында құру – «Қазақстан - 2050» Стратегиясының аясында нақты экономика секторындағы білім беру мекемелері мен өндірістік компаниялар арасындағы белсенді ықпалдастықты нығайту бойынша Елбасы тапсырмаларын орындаудағы бастамалардың бірі. Аталмыш орталық біздерге өндірістік компанияларға қажетті жоғары білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік туғызады» - деп атап өтті.

Білім беру мекемелері мен өндірістік компаниялар арасындағы ықпалдастық аясында 2014-2015 оқу жылдары «Аспап жасау» және «Органикалық және бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтарының 12 студенті «Топан» компаниясында өндірістік практикадан өтеді.

«Топан» компаниясының бас директоры В.Харчев: «Жәңгір хан атындағы БҚАТУ мен бірлесіп Оқу орталығын құру бастамасы Қазақстанға жаңа технологиялардың трансфертін қамтамасыз етеді және мұнай-газ, химиялық, тағам өнеркәсібі мен ғылыми зерттеу институттар жұмысшыларының құзыреттілік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді» - деді өз сөзінде.

«Топан» ЖШС - еліміздегі зертханалық және сараптамалық құрал-жабдықтар нарығындағы 15 жылдық жұмыс тәжірибесі бар, алдыңғы қатарлы әлемдік өндірушілердің ресми серіктесі.

Вы здесь: Главная Магистрантам Меморандумға қол қойылды
Вы здесь: Главная Магистрантам Меморандумға қол қойылды