«Ел жүрегі - Астана» атты көрме ұйымдастырылды

astana030714-1Шілде айының 2-жұлдызында университет мұражайында Астананың   16 жылдығына арналған «Ел жүрегі - Астана» атты көрме ұйымдастырылды. Шараға оқу ордамыздың тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры А.Ұ.Сұлтанов, мұражай меңгерушісі Н.Ж.Төлепов және бірқатар магистранттар қатысты. Шарада сөз алған жүргізуші Астана қаласы жөнінде мол мағлұмат берді. Көрмеде қойылған елорданың көрнекті жерлерінің фотосуреттері жайында сөз қозғап, әрқайсысының тарихына тоқталды. Шара барысында елорданың негізгі нышаны, сәулет өнерінің бірегей туындысына айналған «Астана-Бәйтерек» монументі, Ақ Орда резиденциясы, бірлік пен бейбітшілік нышаны – Бейбітшілік пен келісім сарайы, қазақ халқының асқақ рухының белгісіне айналған Қазақ елі монументі жайында ақпарат берілді. Таныстырылымнан кейін сөз сөйлеген тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор А.Ұ.Сұлтанов және мұражай меңгерушісі Н.Ж.Төлепов ұйымдастырылған іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар шараға қатысушылар көрмемен танысып, естелік суретке түсті.

astana030714-2astana030714-3

Вы здесь: Главная Магистрантам «Ел жүрегі - Астана» атты көрме ұйымдастырылды
Вы здесь: Главная Магистрантам «Ел жүрегі - Астана» атты көрме ұйымдастырылды