«Болашақ» бағдарламасының түлектері тәжірибе алмасты

bolashak030714-12014 жылдың 1 шілдесінде Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласынан жиылған халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлектері бас қосты. Бұл Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттар қауымдастығының ұйымдастыруымен республиканың барлық өңірлерін қамтитын «Болашақ жастар үшін» салалық семинарлар шеңберіндегі «Бизнес-жоспарды құрудың негіздері» атты кезекті семинар.

«Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры Ермек Мақашевтың мәлімдеуінше, «Болашақ» түлектерінің және жас кәсіпкерлердің біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасу мақсатындағы семинарлар соңғы 5 жыл бойы тұрақты ұйымдастырылуда. «Болашақ-жастар үшін» салалық семинарлардың маңыздылығы мен өзектілігі Еуразиялық ықпалдастық пен бәсекелестік деңгейінің артуы жағдайында еселене түспек.

Еуразиялық экономикалық одақ аясында шағын және орта бизнеске артылар жауапкершілік жүгінің ауырлай түсетіндігін, сонымен қатар 170 млн адамды құрайтын нарықты бағындыруда жаңа мүмкіндіктер көкжиегі ашылатындығын тілге тиек еткен Орал қаласының әкімі, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Алтай Көлгінов, әсіресе, кәсібін енді ғана бастаған жас кәсіпкерлер үшін аталмыш семинардың берері мол екендігін атап өтті.

Семинар спикері «R&D Research&Development» ЖШС директоры Данар Раисов бизнесті құрудағы кезеңдермен, бөлімдермен, міндетті және опционалды элементтермен, мерзімдер мен ресурстар бойынша бизнес-жоспарды жоспарлаумен және оңтайландырумен таныстырды. Кәсіби тренер өзінің бизнес-жоспарды даярлау және оны сапалы таныстыру жолдарымен бөлісіп, жиі жол берілетін кемшіліктерге тоқталды. Олардың қатарында бизнес-жоспарды таныстыру кезінде тыңдаушылардың зерттелмеуі, сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі, нақты ақпаратты жеткізудің формасы мен тәсілі ескерілмеуі және т.б. қарапайым қателіктер бар.

Жиын барысында қатысушылар бизнес-жоспар құру, оны инвесторларға сәтті таныстыру туралы төңірегінде ой бөлісіп, тәжірибе алмасты. Соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

bolashak030714-2bolashak030714-3

Вы здесь: Главная Магистрантам «Болашақ» бағдарламасының түлектері тәжірибе алмасты
Вы здесь: Главная Магистрантам «Болашақ» бағдарламасының түлектері тәжірибе алмасты