Жастарымыз шетелде шыңдалып қайтты

studik230614-1Таяуда Халықаралық Темпус бағдарламасының «СТУДИК» (Қазақстандағы студенттік өзін-өзі басқару және демократиялық қатысым) жобасы аясында Германияның Дрезден және Латвияның Рига қалаларында семинар болып өтті.

Аталған жоба мақсаты Қазақстандағы және Еуроодақ елдеріндегі студенттердің уақытша өзін-өзі басқаруы туралы білімді кеңейтеді, бұл ЕО тәжірибесін беру және студенттердің өзін-өзі басқаруының мінсіз үлгісін жасауға негізделген.

Еліміздің 13 жоғары оқу орнынан 28 делегат қатысқан семинарға университеттің жастар ісі жөніндегі комитетінің маманы Салтанат Тұманбаева, агрономия факультетінің 3 курс студенті Абзал Базаров, политехникалық факультеттің 3 курс студенті Мержан Әбілқас қатысты. Семинар барысында қатысушылар Дрезден техникалық университеті мен Рига қаласының ақпараттық жүйелерді басқару институты студенттерінің өзін-өзі басқару жүйесімен танысып, профессор Холгер Кузэ, Юлия Патерностер және студенттер Себастьян Хюбнер, Кристиан Праустың дәрістерін тыңдады. Сонымен қатар, Латвия студенттері ассоциациясының президенті Кирилс Соловьев презентация жасап, Рига қаласының ақпараттық жүйелерді басқару институты студенттерінің президенті Ирина Бойсина қазақстандық студенттермен пікірлесіп, тәжірибе алмасты.

«Алған әсер ұшан-теңіз. студенттік кеңестерді ұйымдастыруға ынталары мен қабілеттерін күшейту бойынша қосымша тренингтерден көп нәрсені үйрендік. Артықшылықтары да аз емес екен. Болашақта жұмысымызда алған әсерлеріміз көрген дүниелеріміз көрініс табады деген ойдамын» - деді сапардан оралған Абзал Базаров. «Замандастарымыздың өздерінің оқу орындарында оқу үдерісіндегі шешімдерді қабылдауға қатысуы, жоғары білім беру секторында өзін-өзі басқару құрылымын құрудағы ерекшеліктері бізге де тың серпіліс берді, әрі студенттердің қоғамдық белсенділігін арттырудағы жасалған жұмыстарын көрдік» - деп Мержан Әбілқас өз ойын түйіндеді.

studik230614-2

Вы здесь: Главная Магистрантам Жастарымыз шетелде шыңдалып қайтты
Вы здесь: Главная Магистрантам Жастарымыз шетелде шыңдалып қайтты