Сәтті жұмысқа орналасуға арналған шара

rabota170614-1Кеше және бүгін университетімізде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті ЖОО түлектерінің бәсекеге қабілеттіліктерінарттыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру мақсатында «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен Саяси менедмент мектебі жоғары курс студенттері үшін оқу тренингтер кешенін өткізді. Шарада алғаш сөз алған Кәсіптік практика және студенттік мансап департаментінің директоры Б.Насиев аталған кештің студенттерге берері көп екеніне тоқталып өтіп, жұмыс тәртібімен таныстырып өтті. «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе филиалының Саяси менеджмент мектебінің директоры Ю.П.Голубев күні ертең университет дипломын қолға алғалы отырған түлектер жұмыс іздеу, оған орналасу барысында бірнеше кедергілерге тап болып жататынын, жанға жайлы жұмыс табу жолындағы қиындықтарды қалай енсеруге болатынын баяндайтын тренингтен жастардың ұтпаса, ұтылмасы анық екенін жеткізді. Жұмыс күнінде кезектесе сөз алған Ақмарал Найзабекова, Әйгерім Нұрсаитова, Әйгерім Бекшиева, Әйгерім Накупова мен Бауыржан Тоқтағазылар сәтті жұмысқа орналасу мүмкіндігін анықтайтын еңбек нарығына талдау, «Қазақстан -2050» стратегиясы, оқытуды жалғастыру мүмкіндігі, сәтті жұмысқа орналасудың технологиясы, көшбасшылық машықтар мен менеджменттің негіздеріне кеңінен тоқталып өтті.

Шара соңында студенттерге оқу-тренинг қатысқаны жөнінде сертификаттар табысталды.

rabota170614-2 rabota170614-3

Вы здесь: Главная Магистрантам Жұмысқа орналасуға арналған шара
Вы здесь: Главная Магистрантам Жұмысқа орналасуға арналған шара