Студенттер сенбілікке шықты

subotnik040614-2«5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне» орай университетіміздің белсенді студенттері сенбілікке шықты. Айта кететіні, бұл күні біздің елде ғана емес, Ресей және Беларусь мемлекеттерінде де халықаралық сенбілік акциясы өткізіледі екен.

Таңмен қолдарына қап-қолғаптарын, сыпырғыш-қалақтарын ұстаған 120 студент-жастарымыз университет аумағын жиыстыруға кірісті. Оқу ордасының Тың игерушілер аллеясын тазалап, ағаштарды әктеген жастар бұл күннің маңызын жете түсінеді. «Бұндай игі шаралар замандастарымызды табиғатты ұқыпты ұстауға, соңдарынан қоқысты жинап жүруге үйретері анық. Әрі сүйікті қаламызды көркейтуге қосқан үлесіміз үнемі мақтаныш сезімін тудырады» - деді Өтеғалиева Толқын. «Бұл күні ел жастары ғана емес, сонымен қатар еуроодаққа мүше елдердің де халқы сенбілікке қатысып жатқанын білеміз. Себебі бұл елдердің ұстанымы бір. Ал ел өміріндегі елеулі оқиғалар әркез жастар назарында» - деп Қайырбек Мақсотұлы сөзін түйіндеді.

subotnik040614-1subotnik040614-3

Вы здесь: Главная Магистрантам Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні
Вы здесь: Главная Магистрантам Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні