Репрессия құрбандарына тағзым

31mamyr-231 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осынау қасиетті де қасіретті күн адамның жанын жабырқатып, көңілін күйзелтері шын.   Қазақ елі ХХ ғасырда талай зұлматты жылдарды басынан өткерді. Тартқан тауқыметі де аз емес. Зұлымдық империясының қанды диірменіне түсіп, тағдыры тәлкек болып, талай бейбіт отбасыларының оты өшті, ана жесір, бала жетім қалды, онысы аздай «ұлт жауының балалары» деген қара күйе жабысты. Ұлты мен діні, тілі мен діліне қарамастан, мыңдаған адамдар өзгеше ойлағаны үшін күнәсіз сотталып, ту­ған жерлерінен аяусыз айдалып, түр­мелерде көз жұмды.

Жазықсыз жандарды еске алу мақсатында Орал қалалық зиратындағы ескерткіш монумент басында азалы шара өтті. ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов құрбан болғандардың аруағына дұға бағыштады. Азалы жиынға Тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор А.Сұлтанов, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі В.Есенғалиева, «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының меңгерушісі Ә.Мұханбетқалиев, Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі А.Өкшебаев және т.б. қатысты.

Жиналған көпшілікпен бірге университетіміздің қызметкерлері де ескерткіш белгіге гүл шоқтарын қойды.

31mamyr-131mamyr-3

Вы здесь: Главная Магистрантам Репрессия құрбандарына тағзым
Вы здесь: Главная Магистрантам Репрессия құрбандарына тағзым