Мерейтой иесіне құрмет

shyntemir-1Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғылыми кеңесінің кезекті отырысы елімізге танымал ғалым,техника ғылымдарының докторы, профессор Шынтеміров Қабер Сүндетұлының мерейтойына арналды. Жылқы жылының 15 мамырында жеті белестің шынар шыңына жеткен көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз, адал дос, ардақты әке, мейірімді ата Қабер Сүндетұлын өмірінің айшықты сәтімен құттықтап, жүрекжарды лебізін арнауға келген жандар көп болды. Мерекелік жиынды университеттің бірінші проректоры Өтеген Байырғалиұлы Таубаев ашып, мерейтой иесінің иығына шапан жауып, ғалымның зайыбы Орал Тілеуханқызына қамзол сыйлап, ықылас гүлін ұсынып, құрмет көрсетті.

Қабер Сүндетұлы жеткен жетпіс жастың жолындағы ерен еңбек еленбей қалған жоқ. Университеттің құрметті профессоры, ректордың кеңесшісіҚазыбай Қараұлы Бозымов, инжиниринг және ресурстарды үнемдеу ғылыми зерттеу институтының директоры Монтаев Сәрсенбек Әлиакбарұлы, машина жасау факультетінің деканы Шәкешев Бекболат Теміржанұлы, ветеринарлық медицина және биотехнология факультетінің деканы Едіге Ғапуұлы Насамбаев, политехникалық факультетінің деканы Бакушев Асқар Асылғалиұлы және т.б. сөз алып, мерейтой иесінің ғылым жолындағы өнегемен өрілген өміріне, адамзаттық, адами асыл қасиеттеріне тоқталып өтті. Ұстаздық жолда үнемі ізденісте жүретіні, жаңашылдыққа жаны құмарлығы – Қабер Сүндетұлының әріптестеріне үлгі боларлық ізгі қырлары. Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен келген достары, бауырлары, ұлдары мен шәкірттері Қ.Шынтеміровтің кішіге кішіпейілділігі, үлкенге құрметі, дос-жаранға шексіз шапағат-шарапаты мен ағайын-туысқа сарқылмас жанашырлығы туралы толғанып, жетпіс жылдық ғұмырдың сәулелі де мағыналы тұстарын қымбат естеліктермен өрнектеді.

220-дан астам ғылыми еңбектің, соның ішінде 3 монография мен 3 оқулықтың, 12 авторлық куәлік пен 13 инновациялық патенттің авторы Қ.С.Шынтеміровтің есімі тек елімізде ғана емес, алыс-жақын шетелдерде де кеңінен танымал. Ол ҚР Индустрия және сауда министрлігінің құрмет грамотасымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» кеуде белгісімен марапатталды. Қ.С.Шынтеміров сондай-ақ 2006 және 2011 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО Үздік оқытушысы» грантының иегері атанды. Қазіргі таңда машина жасау факультетінің «Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасының профессоры болып қызмет етеді.

shyntemir-2

shyntemir-2

shyntemir-2

Вы здесь: Главная Магистрантам Мерейтой иесіне құрмет
Вы здесь: Главная Магистрантам Мерейтой иесіне құрмет