«Сенің жоқ дегенің маңызды!»

Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық жайлы сөз бола қалса, білім саласы қызметкерлерінің жиі сынға ұшырайтыны жасырын емес. Әсіресе, әлеуметтік желілерде оқытушылардың пара талап еткендігі туралы ақ-қарасы анықталмаған мәліметтер оқта-текте кездесіп қалып жатады. Жуырда Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Заман» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Өз құқығыңды біл, жемқорлыққа қарсы күресте сенің жоқ дегенің маңызды» атты кездесу болып өтті. Шараға университеттің тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов төрағалық етіп, Батыс Қазақстан облысының экономикалық қылмысқа жәңе сыбайлас жемқорлықа күрес департаментінің заң қызметі бөлімінің жетекшісі Әлия Истюбекова, Батыс Қазақстан облысының жастар мәселелері басқармасының бөлім басшысы Біржан Хайруллин, сондай-ақ оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

Алғашқы болып сөз алған тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Ақылбек Ұзақбайұлы «Біз қоғам үшін, өзіміз үшін, еліміз үшін маңызды тақырыпта кездесу ұйымдастырып отырмыз.Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп-қатерлерінің бірі болып табылады. Сондықтанда оны болдырмау, алдын алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Осы орайда біздің университетте атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Жыл сайынғы Қазақстан студенттер Альянсының сессия уақытында жүргізетін «Таза сессия» акциясы, сенім телефоны, университет ректорының жәшігі, университеттің блогы, университет сайты - осының бәрі жастарға сапалы білім беру үшін жасалынып жатқан дүние»- дей келе,сыбайлас жемқорлықпен күресте ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан еліміздегі жоғары оқу орындарының алдына Қазақ мемлекеттік заң университетінің тәжірибесіне сүйене отырып, оқытушылардың жұмыс сапасын бағалау жүйесін белсенді енгізу мәселесін қойғандығын атап өтті.

Соңғы жылдары елімізде «Взяточник-инфо» веб-сайтының жұмыс істей бастағандығы және онда жемқорлық дендеген жоғары оқу орындарының рейтингі жарияланатындығы белгілі. Кездесуге жиылғандар мұндай сайттардың қажеттілігін атап көрсеткенімен, аталмыш дереккөзде көрсетілген мәліметтердің барлығы бірдей шындыққа жанаса бермейтіндігіне қынжылыс танытты.

Батыс Қазақстан облысының экономикалық қылмысқа жәңе сыбайлас жемқорлықа күрес департаментінің заң қызметі бөлімінің жетекшісі Әлия Истюбекованың мәлімдеуінше, өңірімізде ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында сыбайлас жемқорлық сипаттағы 42 қылмыс тіркелген. Басым бөлігі мемлекеттік сатып алу саласында. Маманның пайымдауынша, жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен күрестің ең тиімді жолы - қылмыстың алдын алу. Осы орайда студент-жастар арасында пара берушінің де пара алушы сияқты қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын түсіндірудің маңызы зор. Жемқорлықтың кез келген көрінісі бойынша 50-84-96 немесе 144 сенім телефонына хабарласу арқылы қоғамға қауіп төндіретін аса қауіпті дерттің алдын алуға болады.

Жиын барысында Батыс Қазақстан облысының экономикалық қылмысқа жәңе сыбайлас жемқорлықа күрес департаменті дайындаған пара алу фактілері баяндалған арнайы фильм мен әлеуметтік роликтер көрсетілді. Арнайы брошюралар мен қаржы полициясы қызметкерлерінің ұялы телефон нөмірлері көрсетілген визиткалар таратылды.

Вы здесь: Главная Магистрантам «Сенің жоқ дегенің маңызды!»
Вы здесь: Главная Магистрантам «Сенің жоқ дегенің маңызды!»