«Тұтынушы, чек талап ет!»

chek1Жақында шаһарымыздың орталық көшелерінде Орал қалалық Салық басқармасының және «Заман» ЖҚБ-ның ұйымдастыруымен «Тұтынушы, чек талап ет!» атты акция өтті.

Шараның мақсаты тұтынушының қаржылық сауаттылығн көтеру, салық заңнамасымен таныстыру, ең бастысы көлеңкелі экономикаға жол бермеуге бағытталған болатын.

Акция «Зашаған» кенті, «Жазира», «Молодежный», №20 ЖББОМ, Достық даңғылы, С.Датов көшесін, Променад сауда орталығы аумағы қамтыды. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың студенттері мен «Заман» ЖҚБ-ның мүшелері «Өз құқығыңды қорға – чек талап ет!», «Чек талап ет – патриот бол!», «Салықты уақытылы төлеңіз» атты ұрандармен тұрғындардың назарын аударып, флешмоб ұйымдастырды. Жастар қала тұрғындарына тауарды сатып алу кезінде сатып алу фактісін растау үшін фискалды чекті алу қажеттілігін баяндаған жапсырмалар таратты. Егер сатушылар чек беруден бас тартқан жағдайда салық органдарына көрсетілген телефон нөмірлері бойынша хабарласу керектігін де атап өтті.

Шараға қатысқан 200 ерікті студент сауда орындарына, кафе, шаштараздарға бас сұғып, тұтынушылар көзіне көрінер жерлерге аталған жапсырмаларды орналастырды. «Әр адам тауар алған кезде чекті талап ететін болса, ел бюджетінің айтарлықтай өсетіні, ал бұл қаржы өз кезегінде медицина, білім және әлеуметтік салаларға бөлініп, қаламыздың да көркеюіне үлесін қосар еді» - деп түсіндірді акция белсенділері.

chek2

chek2

chek2

chek2

chek6

Вы здесь: Главная Магистрантам «Тұтынушы, чек талап ет!»
Вы здесь: Главная Магистрантам «Тұтынушы, чек талап ет!»