Батырлар рухына тағзым етті

9mai-1Ұлы Жеңістің 69 жылдығы шаһарымызда да өз дәрежесінде аталып өтті. Бұл күні Жеңіс алаңына жиналған әскери қызметшілер, ҰОС ардагерлері мен қала жұртшылығының қарасы көп болды. Қаза тапқан батырлардың рухы үшін үнсіздік минутын жариялаған кезде ата-әжелеріміз еріксіз көздеріне жас алып тұрды.

Университет ректорының міндетін уақытша атқарушы Нұрлан Серғалиев бастаған профессор-оқытушылар құрамы мен студент-магистранттар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Қашан да ардагерлердің жанқияр ерліктерімен мақтанатын оқу ордамыздың жастары бұл күннің маңыздылығын естен шығармақ емес.

Вы здесь: Главная Магистрантам Ұлы Жеңістің 69 жылдығы!
Вы здесь: Главная Магистрантам Ұлы Жеңістің 69 жылдығы!