Тыл еңбеккерін құттықтады

ardager2014Жаңа ғана Жәңгір хан атындағы БҚАТУ қызметкерлері университет ардагері, тыл еңбеккері Мурзахметова София Измайловнаның үйіне барып, Жеңіс күнімен құттықтады. Ардагер көзіне жас алып, ұмытпағаны үшін университет басшылығына өз алғысын жаудырды. Алғыс хат мәтінімен таныстырған мұражай меңгерушісі Н.Төлепов естелік сағатты қолына тағып, өзге де сыйлықтармен қоса 18000 теңге ақшалай сыйлықты да табыс етті.

Біз бүгін соғыс және тыл еңбеккерлерінің үйін аралап, мамыражай мамыр айындағы Ұлы Жеңіс күнімен құттықтайтын боламыз.

 

Вы здесь: Главная Магистрантам Тыл еңбеккерін құттықтады
Вы здесь: Главная Магистрантам Тыл еңбеккерін құттықтады