Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да «Таза сессия» флешмобы ұйымдастырылды

taza ceciaОқу жылының жазғы емтихан сессиясын студенттеріміз өз білімімен лайықты тапсыру мақсатында «Таза сессия!» ұранымен БҚО бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің жанынан құрылған «Қазақстан студенттер Альянсы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы флешмоб ұйымдастырды. «144» сенім телефонының нөмірін бейнелеген белсенді студент-жастарымыз мамырдың мамыражай күні дайындаған флешмобтары арқылы замандастарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Агрономия факультетінің ІІІ курс студенті Абзал Базаров: «Бұл шарамыз дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биыл біздер флешмоб түрінде ұйымдастырудамыз. Акцияның басты мақсаты студенттердің азаматтық белсенді позициясы мен құқықтық түсіністік пен жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру және оның зардаптарын жете түсіндіру болды» - деп өз сөзін түйіндеді.

Вы здесь: Главная Магистрантам Таза сессия
Вы здесь: Главная Магистрантам Таза сессия