Татулық пен бірлік ұлықталған күн

1 mamyr-11 мамыр мерекесіне орай қаламыздың орталық даңғылында ұйымдастырылған мерекелік шеруге Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ұжымы да қатысты.

Университет ректорының м.у.а. Н.Х.Серғалиев бастаған 300 профессор оқытушылар құрамы және 700 студент алаңды ерекше салтанатпен жүріп өтті. Көп ұлттың жастары білім алатын бағаналы оқу ордасының ұжымы қолдарына жалаушалар ұстап, ұрандатып көп көшінен ерекшеленді. Азаматтық теңдікті, рухани-адамгершілік құндылықтарды алға тартып, еліміздегі мамыражай тыныштық пен саяси тұрақтылық  халқымыздың баға жетпес байлығы ретінде  ұлықталатын мерекенің маңыздылығын жете түсінетін студент-жастарымыз бұл күні ерекше көңіл-күйге бөленді.

Басты даңғылға жиналған қала тұрғындары шеру аяқталған соң, жергілікті өнерпаздардың қатысуымен өткен мерекелік концертті тамашалады.

1 mamyr-2

1 mamyr-3

1 mamyr-4

Вы здесь: Главная Магистрантам Татулық пен бірлік ұлықталған күн
Вы здесь: Главная Магистрантам Татулық пен бірлік ұлықталған күн