Аймақтық семинар-тренинг өз жұмысын бастады

assambleya12014 жылғы 28 сәуірде Орал қаласында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғимаратында «Мемлекеттік этносаясат: «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру аясындағы міндеттер, әдістеме, технологиялар» тақырыбындағы үш күндік аймақтық семинар-тренинг өз жұмысын бастады.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Семинарға Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының этносаралық және конфессияралық қатынастар мәселесімен айналысатын мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық топтары мен Жоғары оқу орындарының, Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мәслихат депутаттары, этномәдени, діни және жастар ұйымдарының жетекшілері қатысуда.

Семинардық мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жылғы желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы аясында мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыру технологиялары бойынша тыңдаушылардың кәсіби білімі мен біліктілік деңгейін арттыру.

assambleya2Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияралық қатынастарды зерттеу орталығы республикалық, жергілікті және көшпелі семинар-тренингтерді 2012 жылдан бері өткізіп келеді. Бұған дейін осынедай мазмұндағы семинар-тренингтерАстана, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Талдықорған, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Қарағанды, Ақтау және Атырау қалаларында ұйымдастырылған екен.

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өткізіліп отырған аталмыш шара шеңберінде «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында мемлекеттік этносаясаттағы жүзеге асырудағы өкілдікті органдардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, мәслихат депутаттары қатысып, жергілікті өкілдікті органдардың қоғамдық келісім мен этносаралық толеранттылықты нығайту саласындағы стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға қатысуының өңірлік мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ семинар-тренинг барысында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясының қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды жүзеге асыруды ғылыми-практикалық сүйемелдеу мәселелері талқыланды.

Ағымдағы жылы осындай семинар-тренингтер Астана, Алматы, Көкшетау және Шымкент қалаларында да өткізілмек.

Вы здесь: Главная Магистрантам Аймақтық семинар-тренинг өз жұмысын бастады
Вы здесь: Главная Магистрантам Аймақтық семинар-тренинг өз жұмысын бастады