Балуандар боз кілемде белдесті

kyrec1Жақында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде ЖОО арасында еркін күрестен университеттің ашық біріншілігі өтті. Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан шараға биыл көршілес Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарымен облыс аудандарының балуандары да бақтарын сынады.

Еркін күресті ЖОО студенттері арасында насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру, республикалық жарыстарға іріктеп құрама командалар әзірлеу мақсатын ұстанған шарада студент-жастар ерекше әзірлікпен келгендерін айқын байқатты. 50, 55, 60, 66, 74 және 84 келісалмақ дәрежесіндегі 90-ға жуық еркін күрес шеберлерінің белдесуін тамашалаған жанкүйерлер де жеңімпаз есімін білмекке асықты.50 келі салмақта өнер көрсеткен қызылордалық Серік Байкенжеев қарсыластарын жолынан ығыстырып, І орынды иеленсе, 55 келі салмақта боз кілемге көтерілген балуандар арасында асығы алшысынан түскен Әнет Талғатов (педколледж) жеңімпаз атанды. 60 келі салмақта жастар арасынан Мейрамбек Нухов (Жәңгір хан ат. БҚАТУ) қарсыластар жауырынын жер иіскетсе, 66 келі салмақта кілем шаңын қаққан балуандардан Аслан Жарастың (Жәңгір хан ат. БҚАТУ) мерейі үстем болды. Ал 74 келі салмақ дәрежесіндегі Мейрамбек Бисеновтың (Жәңгір хан ат. БҚАТУ) қарымы өзгелерден басым болып, жеңіс тұғырына көтерілсе, салмағы 84 келі тартатын балуандар арасында Ниязбек Карповқа (Орал гуманитарлық колледжі) тең келер ешкім болмады.

«Күрес десе делебесі қозбайтын қазақ жоқ. Бұл шарамыз арқылы жастар арасында осы спорт түрінің белең алуын көздедік. Ал сыннан сүрінбей өткен спортшыларымыз келер жылы Павлодар қаласында өтетін Универсиадаға жолдама алатын болады» - деді жарыстың бас төрешісі Дастан Мырзағалиев.

kyrec2

Вы здесь: Главная Магистрантам Балуандар боз кілемде белдесті
Вы здесь: Главная Магистрантам Балуандар боз кілемде белдесті