Кезекті жәрмеңке

yarmarka260414-1Жастарды жұмыспен қамту, жастар арасындағы жұмыссыздықты шектеу бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі. Осы орайда облысымызда ауқымды іс-шаралар жүргізілуде. Еліміз бойынша оңтайлы бағдарламалар да қабылданып, олар орайлы жүзеге асырылуда. Әсіресе, бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін ұйымдастыру жастарды, қолдарына дипломдарын енді ғана алған жас мамандарды жұмыспен қамтуда нақты нәтижелерін беріп келеді.

Сондай бір игі шара 25 сәуірде БҚО әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде болып өтті. Бітіруші түлектерге өңірімізде қолға алынған әлеуметтік бағдарламаларды түсіндіру мақсатын ұстанған семинар-тренингте алғашқы болып сөз алған университетіміздің тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп отыратын аталмыш шараның маңызы өте зор дей келе, ықпалдастыққа ұдайы мүдделілік танытып жүрген жұмыс берушілерге ризашылығын білдірді. БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Серік Тоқмамбетов, БҚО ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы Біржан Хайруллин, «Жас Отан» Жастар қанаты облыстық филиалының менеджері Нұрғали Жолдасқалиев, БҚО кәсіпкерлік және индустриялдық инновациялық даму басқармасының бөлім жетекшісі Галина Вармоломееваларбітіруші түлектерге «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау», сонымен қатар «Бизнестің жол картасы-2020», «Сәтті қадам» және «Жастар кадрлық резерві» бағдарламалары туралы жан-жақты мағлұмат берді. Бұған қоса Мемлекеттік қызмет және жұмысқа орналастыру институты басшысының орынбасары Әлібек Сәтпаев мемлекеттік қызметке орналасуға үміткерлерге арналған қысқаша курстардың таныстырылымын өткізді.

Бос жұмыс орындарын ұсынған мекеме-кәсіпорындар қатарында «Халибуртон» компаниясы, «AlageumElectric» АҚ ОФ,«Uniserv»ЖШС, «Еңсепова» ЖК, «Каспий банк» АҚ БҚФ, БҚО салық басқармасы, сондай-ақ Атырау қаласының ветеринарлық станциясы және Махамбет ауданының ветеринария бөлімі, облысымыздың Жаңақала ауданынан «Сүндетқалиев», «Дәулеш», «Мусин Е.Т.», «Мұса», «Бірлік мал зауыты» шаруа қожалықтары, Жәнібек ауданынан «Ұлан», «Дидар», «Жасқанат» шаруа қожалықтары, Зеленов ауданынан «Мар-эль», «Доценко», «Дүйсен», «Авангард», «Алтын бидай», «Шунайбеков» шаруа қожалықтары, Теректі ауданынан «Бақыт», «Ақас» шаруа қожалықтары болды. Семинар-кеңес жұмысын аяқтаған соң, бітіруші түлектер жұмыс берушілермен тілдесіп, түйіндемелерін ұсынды.

yarmarka260414-2yarmarka260414-3

yarmarka260414-4yarmarka260414-5
 

Вы здесь: Главная Магистрантам Кезекті жәрмеңке
Вы здесь: Главная Магистрантам Кезекті жәрмеңке