Мега-жоба аясындағы концерт

mega joba-1Сәуірдің 25-і күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университет «Бейбітшілік пен келісім» мега-жобасы аясында М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне концерттік бағдарламасын ұсынды.

Шара барысында алғы сөз алған оқу ордамыздың тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры А.Ұ.Сұлтанов аталған мәдени шара қос университет пен оның студенттері арасындағы достықты, ынтымақтастықты, әріптестікті нығайта түсерін баса айтты. Шығыс Қазақстаннан бастау алған шара ел өңірлерін аралап, Батыста жалғасын тапты. Қазақ елі атты қара шаңырақта білім алып, еңбек еткен жандардың бейбіт пен келісімді, тыныштық пен тұтастықты қалайтыны белгілі. Осы құндылықтарды жастар бойына сіңіруде аталған шараның мәні зор.

Білім ордамыздың өнерлі студент ұжымы әзірлеген мерекелік шара көп көңілінен шықты. Бұны залға жиналған жастардың ыстық ықыласы мен шапалақтары дәлелдеп берді.

Кеш соңында сахнаға көтерілген М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Т.М.Дәрішева өнер ұжымына алғысын білдіріп, ықылас гүлін ұсынды. Ал филология факультетініңжастары өз замандастарына айтар алғыстарын өлең шумақтарымен жеткізді.

mega joba-2mega joba-3mega joba-4

Вы здесь: Главная Магистрантам Мега-жоба аясындағы концерт
Вы здесь: Главная Магистрантам Мега-жоба аясындағы концерт