«Студенттік көктем – 2014» өз мәресіне жетті

stu vesna-1Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде өнерлі жастарды қолдау мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын «Студенттік көктем» факультетаралық көркемөнерпаздар байқауы болып өтті. Екі күнге созылған байқаудың мақсаты – студенттердің шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беру арқылы, оларды тек сапалы маман ғана емес, жан-жақты, рухани дамыған, ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыру.

Дәстүрлі көктемгі мерекені асыға күткен студенттербиылғы байқауға ерекше дайындықпен келген. Сахнаның безендірілуі, көздің жауын алатын костюмдар, әсерлі әндер мен әдемі билер – осының бәрі көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады. Айтса айтқандай, «Студенттік көктем» фестивалі – жыл сайын университет көлемінде өтетін ауқымды іс-шаралардың бірі ғана емес, студенттердің әсерлі, қызыққа толы ұмытылмас мерекелерінің бірі.

Байқаудың алғашқы күні агрономия, политехникалық, сондай-ақ ветеринарлық медицина және биотехнология факультеттерінің командалары өзара бақ сынасса, екінші күні экономика және бизнес, машина жасау факультеттерінің құрамалары өнер көрсетті.

Байқау бағдарламасына жанды дауыспен ән айту, хореография, КТК сайысы, музыкалық аспаптарда ойнау шеберлігі, көркем сөз оқу, режиссура, үздік бейнеролик,сонымен қатар үздік жүргізушілер номинациялары енгізілді.

Өнерлерімен тәнті етіп, байқауда ерекше көзге түскен студенттер өздерімен қоса факульттеріне де жеңіс әкелді.

Атап айтар болсақ, эстрадалық әндер номинациясында бас жүлдеге ветеринарлық медицина және биотехнология факультеті, хореография номинациясында ұлттық би бойынша бірінші орыннан политехникалық факультеті көрінсе, заманауи би сайысында ветеринарлық медицина және биотехнология факультеті жеңімпаз атанды. КТК ойындарында ветеринарлық медицина және биотехнология факультетінің жайдарманшылары үздік деп танылса, аспаптарда ойнау аталымында политехникалық факультет бас жүлдені ұтып алды. Көркем сөз оқу, жүргізушілер және бейнеролик номинацияларында ветеринарлық медицина және биотехнология факультеті биіктен көрінді.

Екі күнге жалғасқан өнер сайысының қорытындысы бойынша, «Студенттік көктем-2014» факультетаралық байқауының бас жүлдесі мен кубогын ветеринарлық медицина және биотехнология факультеті жеңіп алса, режиссура аталымында берілетін жалғыз жүлдеге машина жасау факультеті ие болды.

stu vesna-2stu vesna-3stu vesna-4

Вы здесь: Главная Магистрантам Студенттік көктем – 2014
Вы здесь: Главная Магистрантам Студенттік көктем – 2014