Қос басылым студенттермен кездесті

vstreza-1Өңіріміздегі оқырманы мол басылымға айналған облыстық қос басылым басшылары кеше Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студенттерімен жүздесті. Қаламды серік еткен қауым өкілдерінің жастар аудиториясына келу себебін түсіндіріп өткен «Жайық Пресс» ЖШС директоры Жантас Сафуллин «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттерінің басшыларымен таныстырды.  

Шарада сөз алған «Приуралье» газетінің бас редакторы Роза Сыйықовабасылымның бүгінгі тақырыбы, материалдардың мазмұны, берілу стилі жайлы сөз қозғады. Университет тыныс-тіршілігінен мағлұмат беретін мақалаларды дайындаукезіндегі жұмыстарға белсене атсалысатын «Заңғар» газеті ұжымына өз алғысын білдірді.

Оқырмандармен, соның ішінде жастармен кездесу тың ойларды дүниеге әкелетінін жеткізген «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин: «Университет алған асуларды, ұстаздар жеткен жетістіктерді, студенттер бағындырған белестерді алғаш боп халыққа сүйіншілеп келеміз. Ұлттық тәрбиеге басымдық беретін басылымнан жастар нені оқығысы келетінін білу мақсатында бүгін орталарыңнан табылып отырмыз. Бүгінгі кездесуіміз еркін түрде өткенін қаладық. Сіздерді тыңдау мақсатында бүгінгі кешті ұйымдастырып отырмыз» - деді.

Еркін пікір алмасу түрінде өрбіген кездесуде қос газет өміріне қатысты тағы да бірқатар мәселелер ортаға салынды.

Кездесу барысында техникалық салада білім алып жүрсе де журналистиканы жаны сүйетін жастарымыз жауапкершілік жүгін арқалаған, мол тәжірибе жинақтаған майталман мамандардан тәжірибе алмасқылары келетіндерін де жасырмады.

Келелі кездесуде белсенділік танытқан студенттерге «Қос газеттің тарихы» атты кітапты сыйлыққа алды.

Ғасырға жуық тарихы бар басылымдар жастарымыз күткен жаңалықтың жаршысына айналады деген сеніммен шығармашылық ұжымды шығарып салдық.

vstreza-2

(Келелі кездесу туралы толық мақаланы «Заңғар» газетінің №15-16 сандарынан оқи аласыздар)

Вы здесь: Главная Магистрантам Қос басылым студенттермен кездесті
Вы здесь: Главная Магистрантам Қос басылым студенттермен кездесті