Діни сауаттылықты арттыруға арналған семинар-тренинг

dintanu-21Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дағы біліктілікті арттыру және халықаралық ынтымақтастық департаменті БҚО Дін істері басқармасымен бірігіп университтегі гуманитарлық бағытта сабақ жүргізетін оқытушылардың біліктіліктерін арттыру мақсатында «Дәстүрлі діндердің кері тартпа ағымдардан айырмашылығы» атты семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренингке діни сауаттылық тұрғыдан білімдерін арттыру мақсатында Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары түгелдей қатысып сертификаттарын алды. Семинарды БҚО Дін істер басқармасының маманы, теолог Арман Нұрахметоллаұлы өткізді. Курс барысында адамның рухани байлығын одан да арттыра түсу үшін адамгершілікке тән қасиеттерге жетелейтін, елін, халқын сүюге тәрбиелейтін басқа ұлт, басқа діндерге құрметпен қарайтын ислам дінінің құндылықтарын және дәстүрлі діндердің теріс діни ағымдардан айырмашылықтары туралы сауатты түсіндірді. Сонымен бірге, дін саласындағы сан алуан сұраққа дінтанушы Қайрат Жолдыбайдың «Дін мен діл», С.Сейтбековтің «Мазһабтар тарихы», «Иман негіздері» кітаптарын басшылыққа алуға кеңес берді.

Вы здесь: Главная Магистрантам Дәстүрлі діндердің кері тартпа ағымдардан айырмашылығы
Вы здесь: Главная Магистрантам Дәстүрлі діндердің кері тартпа ағымдардан айырмашылығы