Сенбілік жалғасын тапты

cenbilik-2119 сәуір күні «Бүкілқазақстандық орман отырғызу күніне» орайластырылған шараға Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің қызметкерлері мен студенттері белсене кірісті.

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген халық даналығын бек ұстанған 300 студентіміз Қазақ ауылы мен Сарытау шағын ауданындағы тасжолдардыңжиегіне3 мың түп көшет отырғызып, сауапты іс тындырды.Бұған қосауниверситетіміздің 250 қызметкері білім ордасы аумағын тазалап, тал-теректердің түптерін ақтады. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың көгалдандыру жөніндегі маманы Тамара Кручконың айтуынша, бұл күні университет аумағына 50 түп бөртегүл, 20 түп үйеңкі, 10 түп емен, 30 түп қарамала, 100 түп шаған, 300 түп көктерек, ұсақ жапырақты 250 шегіршін ағаштары отырғызылыпты. Ал университеттің тың игерушілері аллеясына егілген 250 түп долана мен 100 түп иргакөп ұзамай бой көтеріп, жайқалып өсетін болады.

Бұл жұмыстар шара барысында ғана емес, аумақты жасыл-желекке айналдыру мақсатында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Вы здесь: Главная Магистрантам Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні
Вы здесь: Главная Магистрантам Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні