Сенбілікке үлес қосты

subotnik-1Халқымызда көктем шыға бұлақтың көзін ашып, айналаны тазартатын дәстүр бар. Игі шара арада сан ғасыр алмасып өтседе сақталуда. Жалпыхалықтық сенбіліктің қоғамның назарын қала көшелерінің тазалығына аударып, экологиялық мәдениетті қалып­тастыруда маңызы зор.  Қаламыздың тазалық жағдайы мен көріктенуі, үйлердің сыртқы көрінісі мен әрқайсымыздың тұрмыстық мәдениетіміз қарапайым ұғымдардан басталатындығыбелгілі.

12 сәуір күні дәстүрлі жалпықалалық сенбілік өз жалғасын тауып, шаһар келбетін ажарландыруға Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің қызметкерлері мен студенттері де өз үлестерін қосты.

Қала маңындағы Сарытау шағын ауданын тазалауға 300 студент пен 120 қызметкер аттанды. Олар сол жерді қыстан қалған қоқыстардан арылтып, тұрғындардың алғысына бөленді. «Білім ордасының студенттері мен қызметкерлері қала тазалығына жыл сайын өз үлестерін қосып келеді. Сарытау шағын ауданына аттанған студенттеріміз енжарлықпен емес, көтеріңкі көңіл-күймен жұмыс істеуде. Сенбілікке 1 трактор және 1 камаз тіркемесімен бөлініп, 22 тонна қоқыс арнайы жерге шығарылды. Атап өту керек, 29 наурыз күні өткен сенбілікте де 200 студент пен 80 қызметкер аянбай еңбек етіп, аталған шағын ауданды 4 тонна қоқыстан арылтты. Жәңгір хан көшесі бойын тазалады. Ал қызметкерлер болса университет аумағын тазалап, жиектер мен тал-теректер түбін ақтап, отырғыштар мен қоқыс-жәшіктерін сырлады.

Университетіміз қаланың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Осы жерде екі үлкен жол торабы қиылысады. Сол жолмен қаламызға келетін талай қонақтың өтетіні белгілі. «Тазалық табалдырықтан басталады» демекші, келген меймандарымыздың алғашқы пікірі де сол жерде қалыптасып жатады. Сала қызметкері ретінде ғана емес, шаһар тұрғыны ретінде қолымызға күрек-сыпырғы ұстап, сенбілікке қатысу – әрбіріміздің ортақ міндетіміз» - деді өз сөзінде Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің әлеуметтік-шаруашылық жұмыстар және қауіпсіздік департаментінің директоры Ғибрат Сұңғатұлы Бауетдинов.

Мақпал Мырзағалиева, Сарытау шағын ауданының тұрғыны:

- Қала – ортақ үйіміз. Сондықтан, оның көркейіп, гүлденуіне әрбір тұрғын бей-жай қарамай, қоқыс-қалдықтарды кез келген жерге лақтырмай, таза ұстауға атсалысуы қажет. Тазалық айлығының маңызын әрбір адам түсінгені жақсы. Өз үйіміздің ауласынан басқа жерді тазалау міндетім емес деген ойдан аса алмаймыз көбінесе. Ауламыз айнадай жарқырап, көше бойы лақтырылған қоқыс үйінділеріне толы болса, айнала «бетін бояп, мойнын жумаған қыздың» кейпін танытары анық. «Көп түкірсе - көл» демекші, тұрғындар арасында серпіліс оянса, күл-қоқыстан арылып, қаламыздың тазалығы артар еді.

subotnik-2subotnik-3subotnik-4

Вы здесь: Главная Магистрантам Дәстүрлі жалпықалалық сенбілік
Вы здесь: Главная Магистрантам Дәстүрлі жалпықалалық сенбілік