Аккредитацияның алғашқы күні

 

2014 жылдың 7 сәуірі күні оқу ордамызға институционалдық аккредиттеу бойынша білім сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің сараптау тобы сыртқа аудит өткізуді бастады. Сараптау тобы алғашқы жұмыс күні университеттің материалдық-техникалық базасын шолып, студенттік-медициналық орталығында, ветеринария, биотехнология және ихтиология ғылыми зерттеу зертханасында, аквакультура тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріс ОҒК, биотехнология және табиғатты пайдалану ғылыми зерттеу институтында болып, кейін мұражайға, ғылыми кітапханаға ат басын бұрды.

Кейін факультет декандарымен, кафедра меңгерушілерімен, білім беру құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерімен кездескен сараптау тобы білім ордасының түлектерімен де танысты. Тіркеу бөлімінің жұмысын шолған қонақтарымыз күн қорытындысын талқылап, алғашқы күнді түйіндеді.

akkredit070417-1   akkredit070417-2
 akkredit070417-3  akkredit070417-4
 akkredit070417-5  akkredit070417-6
Вы здесь: Главная Магистрантам Аккредитацияның алғашқы күні
Вы здесь: Главная Магистрантам Аккредитацияның алғашқы күні