Жәңгір хан атындағы БҚАТУ мега-жоба эстафетасын қабылдады

mega jobaҰлық мереке қарсаңында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінен «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» мега-жобасының эстафетасын қабылдап алды.

«Халықтар достығы мен ұлтаралық келісім - еліміздегі саяси тұрақтылықтың кепілі. Осы басты құндылығымыздың арқасында өңірде 86 ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Ел бірлігін арттыруда облысымызда қолға алынған шаралар баршылық. Әсіресе жастар арасындағы шаралар ұлттар арасындағы достықты нығайтары сөзсіз» - деді шара барысында сөз алған БҚИГУ ректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, Ж.Т.Ерназаров.

Концерттік бағдарламада облыстық, халықаралық байқаулардың жүлделі орындары қатарынан көріне білген жастар өнер көрсетті. Әуезді ән тыңдап, мың бұралған бишілерді тамашалаған көрермен көңілін, жайдарлы жайдарман ойындары да бір серпілтті.

Кеш соңында сөз алған Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректор А.Ұ.Сұлтанов студенттердің өнерлеріне ризашылығын білдіріп, наурыз айының 28-і күні университеттің өнер ұжымы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне эстафетаны табыстайтынын мәлімдеді.

Вы здесь: Главная Магистрантам Бейбітшілік пен келісім жол картасы
Вы здесь: Главная Магистрантам Бейбітшілік пен келісім жол картасы