Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ұстазы мемлекеттік грантты ұтып алды

prepod goda2014Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен жылма-жыл «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік гранты тағайындалады. Өткен жылы еліміздің әр аймағындағы 63 ЖОО-ның 200-ге жуық ұстазына «Үздік ұстаз» деген ат беріліп, мемлекеттік грантқа тағайындалған болатын. Грант ұтып алған ұстаздар қатарында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің оқытушысы Казамбаева Айгүл Мамайқызы да бар.

Биылғы үздік ұстаздарды марапаттау шарасы Алматы қаласында Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияда өтіп, ұстаздар мерейін асқақтатты.Шараға қатысқан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов бүгінгі қоғамда ұстаз еңбегінің өлшеусіз екенін тағы бір атап өтті.

Ұстаздарға арнайы тапсырылған мемлекеттік гранттар ғалымдарға әлемге танымал алыс және таяу шет елдердегі ЖОО-да біліктілін арттыруға және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретінін атап өткен «Экономика және болжамдау» кафедрасының доценті Айгүл Казамбаева бұл марапаттың ұстаз шығармашылығын шыңдап, тың серпілісті оятатынын да жасырмады.

Вы здесь: Главная Магистрантам ЖОО-ның үздік оқытушысы
Вы здесь: Главная Магистрантам ЖОО-ның үздік оқытушысы