Аруларды құттықтады

8nauryzКөктеммен бірге ілесе келетін Аналар мен арулар мерекесіне орай Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің акт залында салтанатты шара өтті.

Жиында алғаш сөз алған бірінші проректор Таубаев Өтеген Байырғалиұлы: «Қазіргі таңда аруларымыз әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуды мемлекет дамуының басты өзегі ретінде ұғынатын тәуелсіз Қазақ елінің өсіп-өркендеуі жолында түрлі салаларда уақыт көшіне ілесіп, ер-азаматтармен иық тірестіре қызмет етіп жүр. Мәселен, мемлекеттік қызметкерлердің 60 пайызға жуығы қыз-келіншектер. Ғылым-білім саласындағы әйелдер саны да жылдан-жылға артып келеді.

Осындай жауапкершілігі мол, жігерлі аналар мен аяулы апа-қарындастар еліміздегі ең іргелі білім ордаларының бірі – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде де белсенді қызмет етуде. Олардың университеттің өркендеуіне, жоғары оқу орнында игі істердің жасалуына, өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге, жалпы мемлекетіміздің болашағына бағытталған еңбегі ұшан-теңіз» - деп жылы лебізін білдіріп, аналардың, қыз-келіншектердің қашан да отбасының ұйытқысы ретінде аман жүрулерін тіледі.

Әйел заты қай салада қызмет етпесін сол саланың көркеюіне жанын беріп, құрметке бөленуде. Салтанатты жиында да әйелдер қауымының мерейі тасып, құшақтары гүлге толды.  Көп жылғы қызметтері мен жұмыстағы жетістіктерін ескере отырып, оқытушылар, көмекші құрам және қызметкерлер мен жұмысшылар бағалы сыйлықпен,  құрмет грамотасымен марапатталды.

 Ыстық ықыласқа толы құттықтаудан кейін әйелдер қауымы бір шаттанды. Әуезді әнмен өріліп, әсем бимен көмкерілген кешті тамашалады. 

Вы здесь: Главная Магистрантам Аруларды құттықтады
Вы здесь: Главная Магистрантам Аруларды құттықтады