Жеңіспен оралған студенттер

univers kostanaiТаяуда Қостанай қаласында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасында студенттердің V Қысқы универсиадасы жалауын көтерген болатын.

Шаңғы, президенттік көп сайыс, қысқы бағдарлау, футзал, пауэрлифтинг, армрестлинг және гір тасы спортытүрлерінен өткізілген шараға  Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттері де қатысып, өз бақтарын таразыға салды.

«Университет намысын ту еткен спортшыларымыз гір тасын көтеру мен армрестлинг бойынша сынға түсті. Айтулы додада гір тасын әуеге қақпақылдай көтерген құрыш білекті жігіттеріміз 13 құрама команда ішінен суырылып шығып, 5-ші орынға табан тіреді. Армрестлинг бойынша жігіттеріміз бен аруларымыз командалық есепте ІІІ орынды жеңіп алды. Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасындағы армрестлингтен универсиада чемпионы болып, Мирамбек Абдраупов деп танылса, Алтаир Асанов күміс жүлдегер, Нұрлыбек Науханов қола жүлдегер атанып, абыройымызды асқақтатты. Ал қыздарымыздың ішінде Д.Төлепқалиева мен М.Акашева ІІ және ІІІ орындарды бөлісті. Қыздарымыздың бұл спорт түрінен биыл алғаш өнер көрсеткенін ескерсек, бұл олар үшін тамаша жетістік.  Гір спорты бойынша Фурман Владиславтың қанжығасы майланып, жүлдегер боп оралды» - деді команда жаттықтырушысы, дене тәрбиесі кафедрасының  доценті Н.К.Коломоец пен ұстаздары Д.К.Мырзағалиев.

Вы здесь: Главная Магистрантам Жеңіспен оралған студенттер
Вы здесь: Главная Магистрантам Жеңіспен оралған студенттер