Қыздар арасындағы волейбол біріншілігі

volibol1Наурыздың 4-5-і күндері Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің спорт залында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған қаламыздағы ЖОО-ның студент-қыздары арасында волейболдан біріншілік өтті. Жарысты ұйымдастыруға  тәрбие ісі жөніндегі бөлімі мен дене тәрбиесі кафедрасы мұрындық болды. Үздіктерді анықтау мақсатында ұйымдастырылған сайысқа М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы, ҚазИИТУ, Евразия институты, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті мен №19 жалпы білім беретін орта мектеп командалары өз бақтарын ортаға салды. Шараның ашылу салтанатында жастар ісі жөніндегі комитеттің бас маманы Ербол Ербаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Екі күнге созылған біріншілікте жүлделі орындар сарапқа салынды. Тартысты бәсеке қорытындысы бойынша ҚазИИТУ мен №19 орта мектеп командасы ІІІ жүлделі орынға иеленді.

Финалдық ойындар Жәңгір хан атындағы БҚАТУ мен БҚГА командалары арасында өтті. Қызу тартыс нәтижесінде БҚГА командасының шеберлігі басым болып бас жүлдені жеңіп алса, оқу орнымыздың қыздар командасы ІІ орын биігінен көрінді.

Марапаттау рәсімінде жеңімпаздар тұғырға көтеріліп, диплом-медальдармен марапатталды. 

volibol2

Вы здесь: Главная Магистрантам Қыздар арасындағы волейбол біріншілігі
Вы здесь: Главная Магистрантам Қыздар арасындағы волейбол біріншілігі