Ұстаздың мақсаты ел мұраты

jumaev75Дарынды басшы, белгілі ғалым, ұлағатты ұстаз университетіміздің бұрынғы ректоры, профессор Жұбаев Сергей Шұғайұлының туғанына 75 жыл толуына орай «Ұстаздың мақсаты – ел мұраты» тақырыбында еске алу кеші болып өтті.

Кеш қонақтары Жұбаев Сергей Шұғайұлымен көп жылдар жұмыстас болған университет ардагері «Механикаландыру технологиялары және жерге орналастыру» кафедрасының меңгерушісі, доцент Бралиев Майдан Қабатаұлы мен «Кәсіптік және техникалық білім беру» кафедрасының доценті т.ғ.кандидаты Молчанов Евгений Алексеевич қатысты. Шара барысында ұстаздарымыз Жұбаев Сергей Шұғайұлының өмірі мен еңбек жолындағы жетістіктерінің жаңа қырларын және ол тұлғаның ерекше адами қасиеттері туралы әсерлі баяндап берді. Машина жасау факультетінің ТМО-31 тобының ақын студенті Жәнібек Берікұлы өзінің жүрекжарды «Ұстаз»  өлеңін оқыса, студенттер мен қонақтар өздерінің сағыныштарын «Ұстазым менің» әнімен жеткізді.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың Тәрбие ісі жөніндегі проректоры А.Сұлтанов және политехникалық факультетінің деканы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент А.Бакушев, «Агрономия» факультетінің деканы, а.ш.ғ. кандидаты І.Жұбантаев, «Машина жасау» факультетінің деканы, т.ғ.доценті, профессор Б.Шакешов, «Экономика және бизнес» факультетінің деканы, э.ғ.д. Р.Габдуалиева, Жастар комитеттінің жетекшісі А.Өкшебаев, «Қазақ және орыс тілі» кафедрасының меңгерушісі А.Мұхамбеткалиев және университеттің бес факультетінің студенттері қатысты.

 Жиын соңында студенттер мен келген қонақтар арнайы ұйымдастырылған көрмемен де танысты.

Вы здесь: Главная Магистрантам Ұстаздың мақсаты – ел мұраты
Вы здесь: Главная Магистрантам Ұстаздың мақсаты – ел мұраты