«Мәңгілік Ел» жастар қозғалысы» өз жұмысын бастады

nygmatullinЖақында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Мәңгілік ел» жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігі құрылып, І республикалық жиынын өткізді. Оған еліміздің әр өңірінен 30-дан астам оқу орнының студенттері мен жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты.

Осыған дейін Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік студенттерінің бастамасы бойынша  «Мәңгілік Ел» жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігін құру жөнінде ұсыныстар айтылып, еліміздің барлық оқу орындарына Үндеу жарияланған еді. «Мәңгілік ел» тұңғыш форумына Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінен де делегация қатысып, жастар саясаты  туралы ойларын ортаға салды. Жастар қозғалысының үндеуі ЖОО-ның белсенділерінің қолдауына бірден ие болды. Өйткені мұнда Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында жүктелген міндеттерді орындау, межелеген көрсеткішке жету сынды оң бастамалар қаралған.

Жастар жиынына арнайы қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, «Нұр Отан» Саяси кеңес Бюросының мүшесі,  партияның парламенттік фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулин арнайы қатысып: «Елбасының биылғы Жолдауы бүкіл елімізге, халқымызға, соның ішінде, Оңтүстік Қазақстан облысына да ерекше серпін беруде. Онда айтылған әрбір міндет  – жаңа өндіріске, әлеуметтік жағдайды жақсартуға, инновациялық бағдарламаларға, жаңа табыстарға жол ашып отыр. Сондықтан, бұл Жолдауды орындауға әрбір азаматтың өз үлесін қосуы үшін мүмкіндіктер өте зор.  Осының барлығы – біздің асыл мұратымыз,  ұлы мақсатымыз  «Мәңгілік Ел» болу жолындағы нақты қадамдардың бірі» дей келе, жалындаған жастар бастамасына оң бағасын беріп, басталған іске сәттілік тіледі.

Басқосуда сөз алған М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры: «Бүгінгі күн – өте тарихы маңызды күн. Бүгін осы слетте «Мәңгілік ел» қозғалысының тұжырымдамасын, жарғысын, алға қойған міндеттерін, бағдарламаларын қабылдайды. Біздің мақсатымыз – жастарды біріктіріп, біздің Президентіміздің саясатын нақты іспен қолдау» деп атап өтсе, ОҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары Болат Жанәбіл ОҚО-да мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын 78 жастар қоғамдық ұйым болса, бүгінгі таңда «Мәңгілік ел» жастар қозғалысы 79-шы ұйым болып тіркеліп отыр. Ұйымның негізгі мақсаты – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиялық жоспарларына қолдау ретінде жалпы жастар ұйымдарын бірлікке шақыру.

Жиында сөз алған жастар Жолдауда Елбасы өздеріне ерекше сенім артқандығын, «Мәңгілік Елге» айналу өз қолымызда, осы бағытта күш біріктірудің маңызы зор екеніне тоқталды.

- Тәуелсіздігімізді баянды етіп, Мәңгілік елге айналу үшін осы жастар ұйымдары еліміздің студент-жастары ұлы істердің бел ортасында жүріп ат салысады деген сенімдеміз, өйткені оған дәлел – бүгінгі республикалық бірінші жастар слеті. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аргарлық-техникалық университетінің жалынды жастары осы идеяны ары қарай жалғастыру жолында өз үлестерін қосып, аянбай еңбек етеді, - дейді Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың Жастар ісі жөніндегі комитеттің маманы Салтанат Тұманбаева.

Жиын соңында слет делегаттары бірлесіп жұмыс істеу жөнінде бірнеше меморандумға қол қойылды. «Мәңгілік Ел» жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің форумы басқа да аймақтарда жалғасатын болады.

Вы здесь: Главная Магистрантам «Мәңгілік Ел» жастар қозғалысы» өз жұмысын бастады
Вы здесь: Главная Магистрантам «Мәңгілік Ел» жастар қозғалысы» өз жұмысын бастады