Министр жастармен жүздесті

ministr200214ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин Орал  қаласында  облыстың белсенді  жастарымен  кездесті. 

Алдымен сөз алған облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев әлеуметтік  бағдарламаларға тоқталса, Ұзақбай Қарабалин еліміздің мұнай-газ саласындағы басты стратегиялық бағыттар жайында әңгімеледі. Қарашығанақ кенішінің алғашқы мұнайшыларының қатарында болған  министр ғылым мен өндірісті ұштастырған еңбек жолы туралы баян етті.

Елбасы ұсынған 2050 жылға дейінгі даму жолының басты  бағыттарын талқылай келе, жастарды ерінбей еңбек етуге, тек универсиет қабырғасында  ғана емес, жалпы қоғамда өзін жан-жақты дамытуға, шет тілдерін оқуға  шақырды. Бүгінгі жастың ертеңгі ел тұтқасын ұстар азамат екенін баса  айтқан ел ағасы қатысушылардың көптеген сауалдарына жауап берді.

Өзара диалог түрінде өткен жылы жүзді кездесу Елбасымыздың,  үкіметтегі ағаларымыздың жастарға зор сенім артатынын, өскелең ұрпақтың аға буынның қолдауынсыз қалмайтындығын паш етті.  

Кездесуге Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің машина жасау факультетінің «Мұнай-газ» мамандығының  ІІ, ІІІ курс студенттері мен ұстазымыз Қ.А.Нариков қатысқан болатын.

Үлкен әсерге толы осыдай жиын болашақта да өз жалғасын тапса екен деген тілекпен тарастық.

Вы здесь: Главная Магистрантам Министр жастармен жүздесті
Вы здесь: Главная Магистрантам Министр жастармен жүздесті