Олимпиадашыларға қолдау көрсетті

olimp190214-1Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Нива» спорттық-сауықтыру кешенінде Сочи олимпиадасында ел намысын қорғап жүрген спортшыларымызды қолдау мақсатында шара ұйымдастырылды.

Жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттары шаңғымен жарысып, олимпиадашыларға қолдау көрсетті. Алты құрама командаға бөлініп, бес факультеттің және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің намысын қорғаған сайысшылардың жарысы тартысқа толы болды. Нағыз олимпиадашыларша шаңғы жолында жан алысып, жан беріскендей әсер қалдырды. Жарыс қорытындысы бойыншаполитехникалық факультет командасы жеңімпаз атанып, ауыспалы кубокты иемденді. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табыс етілді.

- Табиғаты әсем, даласы жазық, қысы қарлы-боранды келетін біздің өңірде қысқы спорт түрлерін, соның ішінде шаңғы спортын кеңінен дамытуға зор мүмкіндік бар. Оған қоса, шаңғы спорты спорттың өзге түрлеріне қарағанда мол қаржыны да талап етпейді. Бастысы шаңғы және зор қызығушылық болса, жетіп жатыр, - дейді «Сұңқар» спорт клубының жетекшісі Әзілхан Сағатов.

Сочидегі ақ олимпиадада сынға түсіп жатқан қазақстандық спортшыларға жеңіс тілеген профессор-оқытушылар мен магистранттар ел қоржынына алғашқы медальды салған қола жүлдегер Денис Теннің есімін құрметпен атады. Ақтық кезеңде Голландия, Ресей, Қытай, АҚШ елдерінің алпауыттарымен бақ сынайтын біздің шорт-трекшілерге үлкен үміт артатындықтарын жеткізді. 

olimp190214-2olimp190214-3olimp190214-4

Вы здесь: Главная Магистрантам Олимпиадашыларға қолдау көрсетті
Вы здесь: Главная Магистрантам Олимпиадашыларға қолдау көрсетті