Ерлер есімі – ел есінде

augan 130214-4Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі тұтып, Ауған соғысында опат болғандар  рухына тағзым етумақсатында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен тәрбиелік шара өтті.

25 жыл, ширек ғасыр. Адам өмірімен есептейтін болсақ,  жалындаған жастың бойында қуат-күштің арындап, асып-тасқан шағы. Дәл сондай жастық шақтарында  Отан қорғауға аттанған солдаттар соғыс ауыртпалығын тартамыз деп ойламағаны анық.  Жылдар өз кезегімен сырғып өтсе де, кешегі жауынгерлер, бүгінгі бейбіт өмір ардагерлерінің есімдері халық жадында. 

Оқу ордасының әскери кафедра бастығының орынбасары В.П.Ладин мен бас энергетик А.Н.Трофимов кешке арнайы шақырылып, жастарға өмір мен өлім арасында белдесе жүріп, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсете білген қанды көйлек жолдастары туралы сыр шертті.  Өздерінің интернационалдық міндеттерін  орындап, өмірлерін құрбан еткен майдандас жолдастарын ерекше құрметпен еске алды.

Тарихи деректерді келтірсек, 1979 жылдың 25 желтоқсаны мен 1989 жылдың 15 ақпаны аралығында Ауған соғысына КСРО аумағынан 620 мыңнан астам жауынгер қатысқан. Он жылға созылған қанды соғыста 15 мыңнан астам адам оққа ұшқан. Жалпы саны 35 478 сарбаз жараланып, 311-і із-түссіз жоғалып кеткен. Тарихта «Мақсатсыз соғыс» деген атпен қалған осынау майданда Қазақстан 924 боздағынан айырылды. 1015 жас жауынгер елге мүгедек болып оралса, 21 сарбаз туралы нақты дерек жоқ.

Шара барысында сөз алған Тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов студент-жастарды ауған жауынгерлерін құрметтеуге шақырып, Отан алдындағы азаматтық борышты өтеу - тәуелсіз елдің әр ұланының ізгі мұратына айналуы тиіс деген пікір білдірді.

Мәні зор кеш  университеттің өнерлі студенттері ұсынған концерттік бағдарламаға ұласты. 

augan 130214-1   augan 130214-3   augan 130214-2

Вы здесь: Главная Магистрантам Ерлер есімі – ел есінде
Вы здесь: Главная Магистрантам Ерлер есімі – ел есінде