Университет ішілік біліктілікті арттыру курстары

080214-5«2013-2014 оқу жылына арналған Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің профессор-оқытушылар құрамының, қызметкерлерінің ЖОО-ның ішінде біліктілігін арттыру және білім алушылардың қосымша білім алу жоспарына» сәйкес университеттің профессор-оқытушыларына арналған университет ішілік біліктілікті арттыру курстары Біліктілікті арттыру  және халықаралық  ынтымақтастық департаментінің ұйымдастыруымен 2013 жылдың 23-28 желтоқсаны аралығында «Қазipгi заманғы басқару әдіci», «Электронды дидактикалық  материалдарды құрастыру» және 2014 жылдың 06-11, 13-18 қаңтар аралығында «Модульдік оқытуда инновациялық технологияларды қолдану», «Инновацияльқ сабақтарды бағалау және жобалау», «ЖОО-ғы топ эдвайзерлерінің тәрбие үрдісіндегі психологиялық ерекшеліктері», «Электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдалану әдістемесі», «Оқу   үдерісінде  қашықтан   оқыту технологиясын қолдану», «Заманауи сабақтарда 3d үлгілерін қолдану», «Он-лайн   режиміндегі   интерактивті сабақтарды ұйымдастырудың  ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыптары  бойынша  өткізілді.

Курс мақсаты – жоғары оқу орнындағы білім алушы жастарды адамгершілікке, егемен еліміздің ұлтжанды әрі көшбасшы азаматы мен азаматшасы болуға, білімді де білікті тұлға болып қалыптасуы үшін дәріс-семинар жүргізетін профессор-оқытушыларды жаңа технологиялармен, жаңа әдіс-тәсілдермен қаруланған жаңа заманға сай оқытушы болуға  ықпалдасу.

Университет ішілік курстарда  жоғары кәсіби деңгейде дәріс жүргізген, қажырлы еңбек ету арқасында шәкірттер тәрбиелеп, университетімізге  үлкен жетістіктер алып келіп жүрген лекторлар Л.С.Таршиловаға, О.В.Нассқа, А.Х.Давлетоваға, Г.Қ.Кабуловаға, Ж.С.Муталоваға, Т.М.Габшакироваға, Д.Р.Салыховаға  алғысымызды білдіреміз. Шығармашылық жұмыстарыңызға табыс тілейміз. 

Біліктілікті арттыру және халықаралық
ынтымақтастық департаменті 

Электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдалану әдістемесі

080214-32014  жылдың 13-18 қаңтар аралығында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған «Электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдалану әдістемесі » атты курсты оқып тәмәмдадық.
Университеттің әрбір факультеттерінен жиналған оқытушылар үлкен жауапкершілікпен, бар ынта-жігерімен осы бағдарламаны оқып үйренді. Білім беру саласында болып жатқан бұл жаңалық әр оқытушының өмірінде үлкен өзгеріс болды.
080214-10Заман талабына сай білім беру - әр оқу орнының алдына қойған мақсаты. Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің міндеті – оқушылардың білімді үйреніп қана қоймай, алған білімін үздіксіз дамытып,оны бойына сіңіріп, тәрбиелі, әдепті, интеллектуалды болуын қамтамасыз ету. Әрбір оқытушы білім беру үрдісінде білім сапасын жақсарту мақсатында оқытудың озық технологияларын пайдаланады. Болашақ ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушылардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негізін меңгеруі-маңызды мәселелердің бірі.
Интерактивті оқыту – көпқырлы құбылыс.Оқушы белгілі бір тақырыпты меңгеруде өзінің не білетінін есіне түсіреді, білімін басқалардың идеяларымен толықтырады, жаңа тәсілдерді меңгереді, өзінің бағытын анықтайды.
Білім алушылар арасындағы бірдей белсенділік жағдайында өтетін мұндай білім алу процесі бір мерзімде бірнеше міндетті шеше алады: танымдық, коммуникативтік, дамытушылық, интеллектуалдық, т.б.
080214-11Оқытушылар өз тәжірибесінде интерактивті тақтамен жұмыс жүргізуді жиі қолдану қажет. Егер интерактивті тақта интернет жүйесіне қосылса, жаңа сабақты бекітуде және сабақ үстінде тақырып бойынша көптеген жаңа ақпараттар алуға да болады. Әрбір оқушының білім деңгейін талапқа сай көтеру үшін озық әдістемелік технологиялар қажет. Сол жаңа озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды. XXI ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуіріне, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениетіне, мұқият қарайтын дәуір.
Оқытудың озық технологиясын меңгеру оқытушының кәсіптік шеберлігіне байланысты. Бұл әрбір оқытушыны ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді.Сабақ барысында интерактивті технологияларды қолдану оқытушы жұмысын өнімді, нәтижелі, ал студенттердің білім алу әрекетін мәнді, қызықты, пайдалы етеді.
080214-4Бұл курстың басқа курстардан айырмашылығы –біздер әдеттегіше лекция жазғанымыз жоқ. Курс кезеңінде әр сабақ қызықты өтіп, күннен-күнге қызығушылығымыз арта түсті. Біздің топқа А.Х.Давлетова секілді білікті оқытушы бағыт-бағдар көрсете отырып, көптеген теориялық мәліметтер берді. Сабақ диалог әдісі, тренинг, пікір алмасу, т.б. түрінде өтті. Күнделікті сабақ практика жүзінде өткізілді. Әр жұмыс күнінің соңында үйге тапсырма беріліп отырды. Міне, осындай жүйеде құрылған сабақ күндері шығармашылық жұмысқа толы болып, тыңдаушыларды толық қанағаттандырды. Бұл курстан біз өзімізге керекті, пайдалы мағлұматтар алдық. Сабақтарды қалай қызықты өткізуіне болатынын үйрендік және анимация жасап, білімдерімізді толықтырдық.
Оқытудың жаңа тәсілдерімен жұмыс жүргізу оқытушылар  үшін өте қызықты. Әрине, оны қалай жүзеге асырамыз деген әрқайсысымыздың көңілімізде күдік бар. Алайда біздер бар ынта-жігерімізді осы жолға салып, оңтайлы нәтиже көрсетеміз деген ойдамыз. Білім берудегі жаңа идеялардың берері көп екендігіне күн сайын көз жеткізудеміз. Осындай курстан жыл сайын өтсек, жұмыс жүргізу жеңіл болары анық. Себебі, жаңалықты енгізу оңай нәрсе емес, ол бәрімізге ортақ іс. Жаңа технологияның қыр-сырын меңгерген  оқытушылар білім сапасын арттыруға барынша үлес қосып, ұрпақты жаңа заманға сай біліммен қаруландыратынына сенеміз!

«Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының оқытушысы Е.Н.Мергенбаева
«Физика және математика» кафедрасының аға оқытушысы А.С.Турегалиева

Жоғары оқу орнында студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмысының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері

«Егер ертеңгі күніңді ойласаң – егін ек,
егер он жылға бұрын ойласаң – орман ек,
егер де жүз жылға бұрын ойласаң – бала тәрбиеле»

Халық даналығы

080214-6Тәрбие беру саласы - мемлекеттік саясаттың білім беру саласындағы басым бағыттарының бірі болып табылады. Жоғары оқу орнында білім алушы жастардың тұлға ретінде қалыптасу мәселелері білім алушы топтардағы тәрбие жұмысының бағыттарынсыз жүзеге асуы мүмкін емес.

080214-8Білім алушылар жоғары оқу орнындағы білім алушылардың өмірлік қызметі құрылымының ұйымдастырушылық негізі болып табылады. Мұнда білім алушылардың аса маңызды өзіндік танымы, қарым-қатынасы, басқа тұлғаларды бағалауы, тұлға ретінде өзіне баға беруі сияқты әлеуметтік қажеттіліктері жүзеге асырылады. Топтың бірлігіне, оның мүшелерінің арасындағы өзара қарым-қатынас, көшбасшылардың беделі көптеген жағдайда оның ұжым ретіндегі даму деңгейіне байланысты болады, яғни әрбір білім алушының тұлғалық әлеуметтену үрдісіне тиімді ықпал етеді. Сондықтан да топ, яғни білім алушы жастар ұжымы университеттің бүкіл тәрбие саласының жүзеге асыратын тәрбие жұмыстарының негізгі нысаны болуы тиіс.

080214-9Жоғарыда аталған жағдаяттарды басты негізге ала отырып, біздің де білім ордамызда білім алушы жастарды тәрбиелеуде топ эдвазерлерінің алатын орны ерекше екендігін ескеріп, университетіміздің профессор-оқытушылар құрамына, сонымен қатар топ эдвайзерлеріне қаңтар айының 6-11 жұлдызы аралығында университет психолгы Гүлнар Қалауқызының жетекшілігімен «Студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмысының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткен болатын.

Аталған курстың барысында қатынасушы топ эдвайзерлерінің топпен жұмыс жасаудағы негізгі ұйымдастырушылық, психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін айқындау мақсатында сауалнама жүргізілді. Сауалнама жүргізудің нәтижесінде топ эдвайзерлерінің топпен жұмыстанудағы деңгейілері анықталып, кездескен кемшілік тұстарды түзету үшін бірнеше тренингтер ұйымдастырылды.

Курстың әрбір күнінде қатысушы профессор-оқытушылар құрамы мен топ эдвайзерлері өздерін жан-жақты қырларынан таныта біліп, өздеріне міндеттелген тапсырмаларды аса жоғары жауапкершілікпен орындай білді.

Ұйымдастырылған тренингтік сағаттар топ эдвайзерлерінің топ білім алушыларының психологиялық ерекшеліктерін айқындауға, сурет салу арқылы өз ойын анық әрі нақты жеткізе білуге тәрбиелеу болды. Сонымен қатар әрбір топ эдвайзерлерінің жетекшілік ететін топтарындағы білім алушылар арасында өздерін толғандырып жүрген келелі мәселелерін ортақ талқыға салып,  одан шешімін тауып шығудың жолдары қарастырылды.

Курс соңында психолог Гүлнар Қалауқызы қатынасушы профессор-оқытушылар құрамы мен топ эдвайзерлеріне психологиялық тұрғыда мінездеме беріп, кездескен кемшіліктерді түзету арқылы шешімін табудың бірнеше тиімді жолын ұсынды.

Білім алушы жастардың болашағын жарқын етіп, қоғамға қажетті тұлға болып қалыптасуына топ эдвайзерлерінің тигізетін үлес салмағын бағдарлай отырып, профессор-оқытушылар құрамы мен топ эдвайзерлерінің өз-өздерін психологиялық-педагогикалық тұрғыда жетілдіре білетін дәл осындай біліктілікті арттыру курстары жиі ұйымдастырылса деген ұсыныс-тілек бар.

«Жұқпалы емес аурулар және
морфология» кафедрасының
аға оқытушылары:
Б.О. Ертлеуова,
А.Г. Дарменова

Басқару ілімінің баспалдақтары

«Адамдардың белгілі бір тобы
белгілі бір даму деңгейіне жеткенде,
адамзат баласы да ілгерілейді»
Пауло Коэльо

080214-1 Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде оқытушылардың біліктілігін арттыру жұмысы жүйелі жолға қойылған. Профессор-оқытушылық құрам мен қызметкерлердің біліктілігін арттыру әр ұйым жұмысын дамытып, нәтижелілікке қол жеткізудің тиімді құралы болып табылады. Ағымдағы оқу жылында осы үрдіс өз жалғасын тауып, қызметкерлер мен оқытушылар үшін алуан түрлі біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылуда. Мысалы, 2013 жылдың желтоқсан айының 22-28 жұлдызында университетіміздің құрылымдық бөлімшелері жетекшілері мен өз бетімен үйренушілерге арналған 36 сағаттық «Менеджменттің заманауи әдістері» курсы оздырылды. Курсты университеттің Сапа менеджменті жүйесі және инновациялар бөлімінің жетекшісі Таршилова Людмила Сергеевна жүргізді.
080214-2Курс барысында біз, тыңдаушылар, менеджмент ілімі бойынша көптеген соны ақпарат алып, өз білімдерімізді жетілдірдік деп толыққанды сеніммен айта аламыз. Бірнеше блоктан тұратын курс аясында ең алдымен ұйым жұмысын тиімді жоспарлау, одан кейінгі жұмысты жүргізу, нәтижеге жету және үдерісті жетілдірудің қыр-сыры туралы тыңғылықты материалдар берілді. Әр блок басында және соңында рефлексия жүргізіліп, әр тыңдаушының берілген материал бойынша өзіндік ой-пікірі тыңдалды.
Сонымен қатар басқарудың маркетингтік, менеджменттік қағидалары, функциялары, стратегиялары, жоспарлау, ақпарат және зерттеу жүйелері, ұйымдық рух және мәдениет, ұйымдастырушылық қызмет секілді тиімді басқарудың негізгі түсініктері мен оларды қазіргі заман жағдайында ықпалды да нәтижелі қолдану тетіктері турасында мол мәлімет алдық.
Ұйым мен қызметкер, жетекші мен қызметкер, қызметкер мен қызметкер арасындағы алуан бағыттағы қарым-қатынас түрлері сараланып, олардың әрбірінің мақсат-мүдделерінің түрлері, олардың арасындағы сәйкестіктер мен сәйкессіздіктер сана сыны елегінен өткізілді. Қандай да болмасын ұйымның өз алдына қойған мақсатты бағыты, оның қызметкер алдына қояр талаптары, қызметкердің ұйымнан күтер материалдық және моральдік құндылықтары, олардың арасындағы өзара тиімділік, т.с.с.  міне, бұлардың барлығы да білікті болуға ұмтылған жетекші білуге тиіс ұғымдар. Осы ұғымдар мен түсініктер, жалпы басқару ілімі турасында аталмыш курстың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне мұрындық болған білім ордамыздың халықаралық ынтымақтастық және қосымша білім беру бөліміне алғысымызды білдіреміз, сонымен қатар осы курс бойынша сабақтарды аса жоғары деңгейде жүргізіп, менеджменттің қыр-сырына қанықтырған Л.С.Таршиловаға ерекше алғыс айтқымыз келеді. 

Бір топ тыңдаушылар

Вы здесь: Главная Магистрантам Университет ішілік біліктілікті арттыру курстары
Вы здесь: Главная Магистрантам Университет ішілік біліктілікті арттыру курстары