Елбасы жолдауы сындарлы сипатқа ие

txt img kkҚазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің професор-оқытушылар құрамы, студенттері мен магистранттары  аса ыждағаттықпен тыңдады. Әр сөзі терең мазмұнға және сындарлы сипатқа ие Елбасы Жолдауыменәкімшілік ғимараттың мәжіліс залында және әр факультеттегі дәрісханаларда орнатылған үлкен мониторлар арқылы бір мезетте бес мыңға жуық адам таныс болды.

soldau2014-2«Біз қалған 35 жылды жеті бесжылдыққа бөлсек, жеті бесжылдықтың әр жылының ішінде әрбір мақсатты орындап, халықтың әл-ауқатын жақсартатын боламыз. Егерде қай жерге баратынымызды, біздің алатын асуымыз, межеміз қай жер екенін білмейтін болсақ, онда біз бүгінгі күннің де мәселесін дұрыс шеше алмаймыз» деген Елбасы сөзін қуаттады.

Елбасының назарынан ештеңе де тыс қалмады. Елдің жаңа даму бағытын бағдарлап, сан-саланы қамтыған құжат 10 жаңалық, 10 сенсация, 10 идея ұсынуымен есте қалды.

Жолдаудың маңызды ерекшелігі - ол Президентіміздің «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындаудың нақты жолдарын көрсетіп бергені. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін ұлы мақсаттарға жеткізетін – «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жария болды. Университет ұстаздары мен студенттері аталмыш идеяны үлкен ризашылықпен қабыл алды. Қоғамдағы қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек деген сауалға жауап қатқан Елбасы болашаққа бағдар беретін, ұлтты ұй         ыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін Мәңгілік Ел идеясы ең абыройлы, ең мәртебелі жол.  Жолдау мемлекеттік тілді барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторына айналдырып, қазақ тілін ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналдыруды көздейді. Туған тілдің тағдырына бейқам қарамай, жанашыры болуға шақырады. Ұлттық идеяның ең басты қазығы ана тіліміздің тағдыры да мәңгілік десек, қазақ тілін даудың тақырыбына айналдырмай, ұлт пен ұлтты ұйытар, халық пен халықты жақындастырар басты құралға айналдыру жолында аянбай атсалысатындықтарын жеткізді.

soldau2014-4Жолдауда атап көрсетілген таяудағы 35 жылдың жеті бесжылдыққа бөлініп, әр бесжылдықтың өзінің мақсат-мүддесі болатындығы 30 дамыған мемлекеттер қатарына енеміз деген сенімді нығайта түсті. Өмірдің жаңа сапасы тікелей білім сапасына, білім беруді, оқыту процесін ұйымдастыруды, ғылымның негізгі нәтижелерін өндіріске енгізуге байланысты. Осы орайда ғылымға негізделген экономика дамудың дара жолына айналса, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларына қажетті маман даярлайтын Жәңгір хан атындағы БҚАТУ қызметкерлеріне де үлкен жауапкершіліктің жүгі артылары кәміл. Мемлекет басшысы алдағы 10-15 жылда ғылымға негізделген экономикалық базис құру туралы тапсырма қойды. Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді жалға беру, инвестиция тартып, озық технологияларға жүгіну қажеттігін де назардан тыс қалдырмады. Ауыл шаруашылығы саласындағы болашақ - өңдеуші бағытта дей келе, ауыл шаруашылығында да ғылымға қатты мән беру керек екенін қазып айтты. Үнемдік технологиялар, құрғақшылыққа төзімді геномодифициялық өнімдерді өсіру, ет пен сүт экспорты, аяғы жем-шөп әзірлеуде де ғылымға сүйену қажет. Жаңа технологияларды тарта отырып, өз қажетімізді өзімізде жасауға ұмтылудың маңыздылығын айтты. Аталған мәселелердің өзектілігіне тоқталған университет ғалымдары Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктер жасалғандығын және қазірдің өзінде ғылыми зерттеулерді жүргізуде заманауи технологиялар қолданыста екендігін атап өтті.

Еліміздің 2030 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын айқындап берген стратегиялық құжаттаәлеуметтік салаға, білім беру мен денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөлінгендігі қуантты. Азаматтық қызметкерлердің еңбегін өтеудің жаңа моделі жасақталып, соған сәйкес білім қызметкерлерінің жалақысы 29 пайызға, студенттердің стипендия мөлшері де 25 пайызға ұлғаймақ. Ұстаздар мен шәкірттерді ынталандыру арқылы білім сапасын арттыру көзделіп отыр. Бұдан өзге денсаулық сақтау саласы жұмысшыларының жалақысы 28 пайызға,әлеуметтік қорғау саласы еңбеккерлерінің еңбек ақысы 40 пайызға артпақ. Сонымен қатар мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға берілетін әлеуметтік жәрдем ақылардың мөлшері де 25 пайызға өспек.

Бұл әр жанұяға, әр адамға әсер ететін жаңалықтар. Мінеки, сондықтан осының барлығы халықтың көкейіне қонып, көңілдерінен шығып отыр.

TraisovБалуаш Бакишевич Траисов, доктор сельскохозяйственных наук, профессор, директор департамента животноводства и агробиотехнологии Западно Казахстанского аграрно-технического университета имени Жангир хана:

В своем Послании «Казахстанский путь - 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее» Глава государства Нурсултан Назарбаев уделил большое внимание развитию аграрного сектор страны.

Будут устранены все барьеры, препятствующие развитию бизнеса в сельском хозяйстве, фермеры получат непосредственный доступ к стабильному финансированию, откроются рынки сбыта без посредников, все это в будущем позволит Казахстану стать крупнейшим экспортером продукции сельского хозяйства.

В выполнении поставленной задачи большое значение уделяется реализации прорывных проектов аграрной науки, в частности, разработке и широкому использованию генно-модифицированных культур.

В университете имени Жангир хана имеются все условия для проведения работы в свете реализации Послания Президента: кадровый потенциал, материально-техническая база, и уже сегодня проводятся научные исследования с использованием передовых технологий, касающиеся аграрного сектор.

Благодаря тесному сотрудничеству Университета и производства будут достигнуты поставленные Президентом цели.

kafKazRus

Мұханбетқалиев Әскен Самұратұлы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты: 

Ел жұртшылығы, республика халқы бүгін үлкен серпіліс үстінде және бұл заңды да. Себебі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс-тіршілігінің дамуына бірден-бір ықпал еткен фактор, яғни, бір сөзбен айтқанда, республикамыздың әр бағыттағы қарқынды дамуының бастауында тұрған ықпалды фактор – бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік. Әрине, Елбасымыз туралы, әсіресе оның Отанымыздың болашағын айқындар Жолдауы туралы сөз ете келе, оның ауқымын бір-екі сөздің шеңберіне сыйғызу қандай қиын десеңізші! Өйткені Ел Президентінің әр Жолдауы  - толғауы терең қайталанбас дүние. Бүгінгі Жолдау да Президентіміздің өзіндік стиліне сәйкес көптеген ерекшеліктерімен ел есінде қалады деген сенімдемін. Мысалы, Ұлттық идея мәселесі ел тарихында ізі қалған бар ойшылдарымызды толғантқан аса өзекті мәселе екенін жақсы білеміз. Міне, бүгін Елбасымыз осы мәселенің тобықтай түйінін ұсынды деп санаймын, себебі «Мәңгілік ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Тағы бір жайт – тіл мәселесі. Менің ойымша, Мәңгілік елдің мәңгілік тіліне айналған тілдің мәртебесінің тұғырлығы өз-өзінен түсінікті болар аксиома емес пе? Сондықтан Елбасымыз да тілді дау-дамайдың төркініне емес, даму мен өркендеудің негізіне, ұлттың ұйытқысына айналдыру – баршамыздың парызымыз екендігін бәрімізге де тиянақты ұғындырды деп ойлаймын.

kaf sportРауан Тұрдалиев, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасының меңгерушісі: 

Бүгінгі күнді ел өміріндегі ерекше күн десем артық айтқандық болмас, себебі бүгін - расында да еліміз тағатсыздана күткен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы жарияланған күн. Сонымен қатар бүгінгі Жолдау еліміздің, республика жұртшылығының барлық үмітін ақтаған Жолдау болғандығына баршамыз да куә болдық. Елбасымыз Жолдау барысында жария еткен көптеген түйінді мәселелердің шешімдерін ұсыну арқылы отандастарымызды бір серпілтіп тастады. Қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған алуан жобалар, соның ішінде студенттер мен әлеуметтік категорияларға жататын тұрғындар, зейнеткерлер алатын шәкіртақы мен зейнетақы көлемінің ұлғайтылуы – ел болашағын ойлаған Елбасымыздың өз отандастарына деген үлкен сүйіспеншілігінің бейнесі дер едім.

Азамат Халелов, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің экономика факультетінің студенті:

soldau2014-3Ұлт көшбасшысы, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын үлкен қызығушылықпен тыңдадым. Қазақстанның ең дамыған отыз мемлекеттің қатарына қосылуын басты мақсат тұтқан маңызды құжаттың әр сөйлемі бізді жарқын болашаққа шақырып, ертеңгі күнге зор сенім ұялатып тұрғандай болып көрінді. Президентіміз ерекше атап өткендей алдағы 15-17 жылда біздің еліміз үшін ауқымды серпілістерге жетелейтін мүмкіндіктер көзі ашылмақ. Қоғамдық көліктер экологиялық таза көліктерге алмастырылып, ядролық энергетика дамымақ және атом стансаларының құрылысын жүргізілмек. Ғылым саласын қаржыландыру көлемі ұлғайып, ұялы, мультимедиалық, нано және ғарыш технологиялары, робототехника, гендік инженерия, болашақ энергия көздерін іздеу және енгізу сынды жаңа салалар пайда болмақ. Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты ашылып, табиғи азық-түліктен бөлек, елде шөлге төзімді гендік-модификацияландырылған дәнді-дақылдарды жасақтау басталмақ.

Бұдан өзге білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, шағын және орта кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық салаларында да халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс-тіршілігін түзейтін көптеген маңызды жұмыстар қолға алынбақ. Сананы тұрмыс билейді демекші, соның ішінде, әсіресе, студенттердің шәкіртақысы мен бірқатар қызметкерлердің еңбекақысының молаятыны да мені шын қуантып тастады. «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» дей келе Елбасы Мәңгілік Ел ұлттық идеясын ұсынды. Барша қазақстандықтарды 2050 Стратегиясының басты мақсаттарына жету жөніндегі жұмысқа белсене қатысуға шақырды.

Ендігі біздің міндетіміз Отанымыздың Мәңгілік Елге айналуы жолында бар уақытымызды, күш-жігерімізді, білімге, мемлекетіміздің дамуына септігін тигізетін келелі істермен айналысуға арнау. Студент-жастарды, барлық замандастарымды Жолдау жүктеген маңызды міндеттердің орындалуына белсене атсалысуға шақырамын.

Аманжол Бақтығалиев, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің машина жасау факультетінің студенті:

soldau2014-1Жыл сайынғы Елбасы жолдауын асыға күтетін жастар, биылғы тарихи құжатты бар ынтасымен тыңдап, көңілге тоқыды. Нұрсұлтан Әбішұлы ешқашан жастарды, олардың алаңдатар проблемаларын қай кезде де назардан тыс қалдырған емес. Биылғы жолдау соның нақты айғағы. Үлгерімі жақсы студенттерді қолдаудың тиімді жүйесін құру, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, стипендиялар мөлшерінің 25 пайызға артуы жастарға серпіліс берері анық. Біз батыс аймағындағы іргелі оқу орны Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде лайықты білім алудамыз. Елбасы көршілер көшінен қалмай, қайта озық болып, сапалы ұлттық білім жүйесін құрудың маңыздылығына баса назар аударды. Ертеңгі ел тізгіні де бүгін біліммен қаруланған  жалынды жастардың қолында боларын  ойға алсақ, бұл өз кезінде қабылданған дұрыс шешім екені анық. Тәуелсіздік таңында ойға алған бар арманыңды, мақсат-мұратыңды орындауға мүмкіндік мол. Тіпті шекара асып, шетелде біліміңді толықтырамын десең де жол ашық. Бастысы аянбай, адал еңбек ету. Президент алдымызға зор міндет қойды, орындалмас арман болмайды, қажырлы еңбек пен төзімділіктің және қоржыныңдағы біліммен алынбас асудың жоқтығы белгілі.  Ал сол жолда аянбай атсалысуға замандастарым дайын деп ойлаймын.

Вы здесь: Главная Магистрантам Елбасы жолдауы сындарлы сипатқа ие
Вы здесь: Главная Магистрантам Елбасы жолдауы сындарлы сипатқа ие