ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегері Оңтүстік Кореядан оралды

mannap2013-2«Болашақ» бағдарламасы аясында әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарында еліміздің жоғары оқу орнының оқытушылары мен қызметкерлері ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өз біліктілігін арттыру мүмкіндігіне ие болған еді.

Үміткерлердің құрамына Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің аға оқытушысы Торғын Мендикуловна да кірді. Оқытушы мемлекеттік тілді білу, шетелде оқу және тұру қабілетін тексеруге арналған психологиялық диагностикадан сүрінбеді. Жұмыс органы құрған тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен сұхбат барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан тарихы, мемлекеттік рәміздер, мамандық таңдауды ұғыну туралы және үміткерлердің кәсіби дайындығын тексерулерден сәтті өтіп, ақпараттық-телекоммуникация технологияларын пайдалану, игеру, дамыту бойынша көш басындағы елдің бірі Оңтүстік Кореяға жолдама алды.

mannap2013-1Ғылыми тағылымдама Saekyung Itech Co.LTD компаниясының ғылыми орталығында өтті. Тағылымдамадан өту кезінде телекоммуникацияның активті рөлі, телекоммуникацияның және  SK C&C корпарациясының даму тарихы және оның IT көлеміндегі бизнес-корпарациясындағы көшбасшылар қатарынан көріну, жаңа ІТ және телекоммуникацияға сараптамалар қарастырылып, оқытылған. Тағылымдамадан өтушілер CDMA/PCS/Pager  даму стратегиясы, ЗЛШ технологиясы, ШТ839/жаңа және негізгі технологияның 8 сервисі, VoIP интернет телефонның технологиясы, PKI технологиясы жөнінен дәрістер тыңдап, ғылым докторларымен өз пікірлерімен бөлісіп, IT-ға байланысты ойландырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Корея елінде оқытушы Delight Samsung Electronics, «Robot  World 2013» көрмелерінде, Сеул ұлттық, Сеул кибер және Сам-Юк университеттерінің ғылыми зерттеу орталықтары мен кітапханаларында, SK компаниясының Дата-орталығында, SK Infosec,  SK Planet,  SK Broadband-да экскурсияда болып, өз біліктігін арттырды.

Кейіпкеріміз өзінің тың тәжірибелерімен әріптестерімен бөлісіп, курстар өткізіп, жаңа ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларының заманауи оқыту әдістемелерін жетілдірмек.

Вы здесь: Главная Магистрантам ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегері Оңтүстік Кореядан оралды
Вы здесь: Главная Магистрантам ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегері Оңтүстік Кореядан оралды