Жастарға айрықша қуаныш сыйлаған мереке

16 sheltoksanЕліміздің ең ұлық мерекесі - Тәуелсіздік мейрамы біздің облысымызда да кеңінен аталып өтілді. 16 желтоқсандаТәуелсіздік күніне орай Оралдағы жабық мұз айдыны сарайында мерекелік концерт қойылды. Жәңгір хан атындағы БатысҚазақстан аграрлық-техникалық университетінің профессор-оқытушылары,  белсенді магистранттары мен студенттері салтанатты шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысып қайтты.

Ақ Жайық жұртшылығын құттықтаған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Тәуелсіздік бар игілігіміздің бастауы, ет жүрегі Отан деп соққан әр адам үшін, қасиетті мереке екендігін атап өтті.

Егемендік жолында бабаларымыздың төккен қаны мен тері текке кетпей, тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясаты арқасында әлем картасында тұңғыш рет Қазақстан деген тәуелсіз мемлекет шаңырақ көтерді. Көлемі жағынан дүние жүзіндегі тоғызыншы орында тұрған кең байтақ жеріміздің жайлауы малға толса, ен қойнауы кенге тұнып жатыр. Осы қазыналы жер – халқымыздың құтты мекені. Мұндай тарихи сәтті көру – бір бақыт, оған қызмет жасау – асқан абырой. Еліміздің абыройын асырып, мерейін тасытқан - ел тәуелсіздігі. Сондықтан Тәуелсіздіктен асқан құндылық жоқ. Ал осы азаттығымызды, еркіндігімізді баянды, ғұмырлы ету бүгінгі жас ұрпақтың ең ізгі мұраты.

Бұл күні Ақ Жайықтың танымал әнші-бишілері, көркемөнерпаздар ұжымдары айшықты өнерлерін көрсетіп, жиналғандарға айрықша қуаныш сыйлады. Мерекелік концертке қатысқан студент-жастарымыз еліміздің толымды табыстарына сүйсініп, жарқын болашағына зор сенім артып, жаңа белестерді бағындыруға қанаттанып, рухтанып оралғандарын айтты. 

Вы здесь: Главная Магистрантам Жастарға айрықша қуаныш сыйлаған мереке
Вы здесь: Главная Магистрантам Жастарға айрықша қуаныш сыйлаған мереке