Жыл үздігі – 2013

shyl uzdik13 желтоқсан күні облыстық қазақ драма театрында «Жыл үздігі - 2013» жастар байқауының лауреаттары марапатталды.

«Жыл үздігі» байқауы облысымыздағы мемлекеттік жастар саясатын кеңінен насихаттау және жүзеге асыру, облыс көлемінде жыл бойына жастар қозғалысының дамуына белсене араласып, әр салада өз кәсіби шеберлігін көрсеткен жастарды анықтау және марапаттау мақсатында 2008 жылдан бері тұрақты ұйымдастырылып келеді. Жастардың елдің экономикалық, саяси және мәдени өміріндегі белсенділіктерін арттырып, болашаққа деген ынта-жігері мен патриоттық сезімдерін нығайтуды мұрат тұтқан салтанатты кеште мемлекеттің қуатты күші саналатын жас буынның жаңа есімдері аталды. «Жыл үздігі-2013»жастар сыйлығы байқауында 13 аталым бойынша үздіктер таңдалды.

Облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен жиылғандарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, Елбасының жастарға зор сенім артып отырғандығын атап өтті. «Жастарда «Мен елімүшін не істейаламын?» деген мақсат болу керек. Ел болашағы жастардың қолында. Бүгінгі жастарға қойылатынеңүлкенталап - өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезініп, білімді, жігерлі болу. Елімізде жастар саясаты мәселелері басқармалары құрылды, жастар комитеті бар, түрлі жастар қоғамдық бірлестіктері көбейіп келеді. Жас буын үшін қыруар істер атқарылуда», - деді Б.Мәкен. 

Қараша айында Астана қаласында өткен халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің дипломанты атанып оралған университетіміздің студентік «Заңғар» газетінің тілшісі Айнұр Базарова бұл жолы үздіктер шоғырынан табылды. «Үздік жас тілші» аталымы бойынша суырылып алға шықты. «Үздік жас аудан көшбасшысы» аталымы «Ақжайық өрендері» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Біржан Кухаевқа, «Үздік жас облыс көшбасшысы» аталымы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті тәрбие жұмысы жөніндегі психологы Альфия Жақсығалиеваға, «Үздік студент» аталымы ақпараттық технологиялар колледжі студенті Қайрат Нұғмановқа, «Жылдың үздік қаһарманы» облыстық төтенше жағдайлар демартаменті жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Рүстем Ғұбашевқа, «Облыстың үздік жас ұстазы» аталымы Теректі ауданына қарасты Ақсуат орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Асхат Маштаевқа берілді. Биылғы жылдың «Үздік облыс жастар ұйымы» деп «Ақжайық КТК лигасы» ЖҚБ, «Үздік аудан жастар ұйымы» деп «Нарын жастары» ЖҚБ, «Үздік жас ерікті» аталымына Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің студенті Жанна Исмағұлова, «Үздік жас денсаулық сақтау қызметкері» аталымын биылдың өзінде түрлі деңгейдегі 1287 операцияға қатысқан (оның 714-і жедел) облыстық көпсалалы балалар ауруханасының анестезиолог дәрігері, 27 жастағы Камиль Аушинов иеленді. «Үздік жас спортшы» аталымын 11 дүркін ҚР чемпионы, үш мәрте Азия чемпионы, дзюдо күресінен кадеттер арасында әлем чемпионы, еркін күрестен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері 19 жасар Екатерина Ларионова жеңіп алды.

«Үздік өнер ұжымы» аталымы бойынша додаға түскен университетіміздің жанынан құрылған «Нарын сазы» ұлт-аспаптар ансамблі арнайы  сыйлықты  жеңіп алды.

Университет намысын қорғаған әріптестерімізді жеңістерімен құттықтап, биік белестерден көріне берсін дегіміз келеді.

Вы здесь: Главная Магистрантам Жыл үздігі – 2013
Вы здесь: Главная Магистрантам Жыл үздігі – 2013