Ондыққа енген Бибіхан

sarapshy31213Қараша айында Астана қаласында қазақстандық жоғары оқу орындарының экономика мамандығын бітіруші студенттер мен магистранттардың арасында ғылыми-зерттеу қызметіне ынталандыру, талантты жастарды анықтау және алға жылжыту мақсатында елімізде екінші рет «Жас сарапшы-2013» республикалық конкурсы өткен болатын. 

Құрылтайшысы «Болашақ» Қауымдастығы болып табылатын, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ұйымдастырған бұл байқауда бақ сынаған Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Экономика және бизнес» факультетінің ІV курс студенті Аққайырова Бибіхан Мақсотқызы финалист атанып қайтты.  Сонымен қатар ол ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да тағылымдамадан өту мүмкіндігіне және «Болашақ» Қауымдастығының ұсыныс хатына, сертификат пен «Меломан» дүкендер желісінен 10000 теңгеге кітап сатып алу купонына ие болды.  

Үш кезеңнен тұрған байқаудың финалына өткен Бибіхан: «Байқау шартына сәйкес, алғашқы кезеңде берілген тақырыптардың біреуіне эссе жазып тапсырған 200 қатысушының ішінен тек 30 үміткер ғана екінші кезеңге жолдама алып, байқауды одан әрі жалғастыра алды. Мен «Қазақстан Республикасындағы «Жасыл экономика»: болашағы, мүмкіндіктері, шектеулер» тақырыбында эссе дайындадым. Кейс дайындауды талап еткен екінші кезеңнен өткен 10 үміткердің қатарына енудің өзі мен үшін үлкен жеңіс болды. Осы сайысқа қатысуыма қолдау көрсеткен ұстаздарыма және университет ректоратына алғысымды білдіремін» деп әсерімен бөлісті.

 

Вы здесь: Главная Магистрантам Ондыққа енген Бибіхан
Вы здесь: Главная Магистрантам Ондыққа енген Бибіхан