Студенттік бал - 2013

west studentҚарашаның 26-күні қазақ драма театрының фойесінде Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Орал студенттер Альянсы» корпоративтік қоры Халықаралық студенттер күніне арналған облыстық студенттік балын өткізді.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серік Молдағалиевтің құттықтау сөзінен кейін бір топ студент жас ортаға шығып жұптасып, «Вена вальсі» әуені аясында дөңгеленіп жүре берді. Өңдері бал-бұл жанған жастар балының соңы марапаттаурәсімінеұласты.

«Үздік жатақхана» аталымына Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің №2 студенттікжатақханасы ие болды.

Шараға жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілдері, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының белсенді студенттері, үкіметтік емес ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Вы здесь: Главная Магистрантам Студенттік бал - 2013
Вы здесь: Главная Магистрантам Студенттік бал - 2013