«Демеу» дуэті - «Алтын дауыс» иегерлері

dipl jambl 1Үстіміздегі жылдың қараша айының 20-да Жамбыл гуманитарлық техникалық университеті мен «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен жоғары оқу орны студенттері арасында «Жамбыл жастары шақырады» атты тұңғыш республикалық ән фестивалі өткен болатын.

dipl jambl 270-90 жылдардағы танымал ретро әндерді бүгінгі ұрпаққа жеткізу, ұмытыла бастаған әуендерді қайта жаңғырту, халық жүрегінен орын алған ретро әуендер арқылы жастардың мәдени дамуына, шығармашылық деңгейінің өсуіне қолдау көрсетіп, қазақтың жүрегін тербейтін классикалық әндерді жаңғырту, таланттарды таныту мақсатында ұйымдастырылған сайыста университетіміздің намысын қорғаған машина жасау факультетінің ІҮ курс студенті Дархан Аймағанбетов пен «Ветеринарлық медицина және биотехнология» факультетінің ІҮ курс студенті Айбек Төлегенов қатысып, «Алтын дауыс» аталымына ие болып, қазақтың қара домбырасын сый қылып алып қайтты. Байқау шарты бойынша қатысушыларымыз жанды дауыспен 70-90 жылдардағы танымал ретро әнді және киелі Тараз өңірі туралы әнді шырқаған.

«Байқау жоғары деңгейде өтті деп есептейміз. Біздер «Құстар қайтып барады», «Жайық толқындары» атты әндерді дайындап апардық. Жалпы фестиваль туралы айтар болсақ, алғашқы рет ұйымдастырылып отырса да жоғары деңгейде өткізілді. Табиғаты қаламыздан көп ерекшеленбейді екен. Қаланы араладық, тарихи жерлерге барып, естелік суретке түстік. Әсіресе, Айша-бибі мен Қарахан кесенесіне барғандағы әсерімізді сөзбен айтып жеткізу қиын. Ішімізден тілек тіледік, себебі сол жерде тілеген тілек міндетті түрде орындалады деді жергілікті тұрғындар. Баласағұн мәдени орталығындағы қайырымдылық концертке қатыстық.

Өз тарапымыздан өнерімізге қолдау көрсетіп, жолдама беріп жіберген университет ректоры, профессор Қ.Қ.Бозымовқа және музыка жетекшіміз Қ.Исимовқа айтар алғысымыз шексіз» - деп әншілеріміз әңгімелерін аяқтады.

Біз өз кезегімізде қос өнерпазымызды жеңісімен құттықтаймыз!

Вы здесь: Главная Магистрантам «Демеу» дуэті - «Алтын дауыс» иегерлері
Вы здесь: Главная Магистрантам «Демеу» дуэті - «Алтын дауыс» иегерлері