«Шабыттан» қанаттанып қайтты

shabyt2111133-8 қараша аралығында Астана аспанын дүрілдеткен шығармашыл жастардың XVI «Шабыт» халықаралық фестивалі «Классикалық музыка», «Бейнелеу өнері», «Халық музыкасы», «Эстрадалық вокал», «Үздік әдеби шығарма», «Хореография» аталымдары бойынша өткен еді. Бес күнге созылған байқауға Қазақстан мен ТМД елдерінен 500 үміткер 6 аталым бойынша бақ сынасты. Талай таланттың бағын ашып, қанатын қақтырған, есімдерін елге танытқан аталмыш байқауға қатысып, бақтарын сынаған біздің әріптестеріміз де олжалы оралды.

«Үздік әдеби шығарма» аталымы бойынша үмітін үкілеп аттанған әріптесім, «Заңғар» газетінің тілшісі Базарова Айнұр Өтегенқызын ақ жол тілеп шығарып салған едік. Беделді байқаудан дипломант атанып қайтқан Айнұр Астана сапарынан мол әсермен оралды.

- Күнделікті жұмыс, отбасы, ошақ қасының тірлігінен қолым қалт еткенде әңгімежазатыным бар. Осы байқауға қатысуды көптен бері армандап жүргенмін. Жыл сайын облыста «Дала дарындары» байқауы өткізіліп, іріктеуден өткен жеңімпаздарға «Шабытқа» жолдама беретін. Биыл өкінішке орай облыстық кезең туралы жай естіп, қатыса алмай қалдым. Осы жылы да қатыса алмай қалатын болдым-ау деп ұнжырғам түсіп жүрген, оның үстіне байқау шарты бойынша, жыл сайын поэзия, журналистика, проза аталымдары болып кезектесіп тұрады. Бірақ фестиваль ұйымдастырушылармынмен хабарласып, байқауға кез келген азаматтың қатыса алатынын білген соң, жұмыстарымды жібердім.

Мен шағын ауылдағы қоңыртөбел тірлік кешіп жатқан қарапайым отбасының басындағы қилы-қилы оқиғалар туралы сыр шертетін «Үзілмеген үміт»және «Бір үміт» атты балалық шақтан сыр шертер деген әңгімелеріммен қатыстым. Құрамына белгілі жазушылар Әкім Тарази, Асқар Алтай, Әнес Сарай, Толымбек Әбдірайымовтар енген қазылар алқасы республиканың түкпір-түкпірінен келіп түскен 34 жұмыстың ішінен финалға байқау талаптарына сай келетін 16 әңгімені таңдап алыпты. 16 финалистің 5-не дипломант атанған болатын, мен де сол қатардан табылып, дипломант атандым. Қолына қалам ұстаған біз сияқты жастардың жазуға деген құлшынысын арттыра түскен байқаудан алған әсерім шексіз. Ең бастысы, әдебиет әлемінен өз орнын табуға ұмтылған пікірлес жандармен танысып, шығармашылық тұрғысында ой бөлісуге үлкен мүмкіндік алғаныма қуаныштымын. Жас таланттардың бағын ашып, үлкен өнерге жолдама беретін дүбірлі додаға қатысуға түсіністік танытқан университет басшыларына алғысымды білдіремін», - деді «Шабыттан» қанаттанып қайтқан Айнұр.

Дипломант атанған тағы бір әріптесіміз – университеттегі «Білезік» би ансамблінің жетекшісі, хореограф Жұмахаева Райгүл Мұхтарқызы да «Хореография» аталымында өнер көрсетті. Осы сапарда «Хабар» арнасы арқылы көрермен көзайымына айналған «Аймақтар аламаны» республикалық телебайқауына өңіріміздің өнерпаздары құрамында өнер көрсетіп, команда құрамы ІІІ айналымға өтті.

Қос әріптесімізді жеңістерімен құттықтап, биіктерден көріне бер демекпіз.

Вы здесь: Главная Магистрантам «Шабыттан» қанаттанып қайтты
Вы здесь: Главная Магистрантам «Шабыттан» қанаттанып қайтты