Қазіргі заманғы діннің жастарға әсері

din211113-1Машина жасау факультетінің «Мұнай-газ ісі және машина жасау технологиясы» кафедрасының студенттері арасында ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын және қоғамдағы діни ахуалды түсіндіру бағытында 6 қарашада «Қазіргі заманғы діннің жастарға әсері» тақырыбындағы шара өткізілді.

Шара барысында «Теріс діни ағымдарға қарсы күрес» бейнефильмі көрсетіліп соңыныан талқыланды. Содан кейін «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушылары Саркулова Г.С. және Хайруллина Г.М. баяндама жасады.

Олар өз баяндамаларында ислам дінінің мағынасы мен қазақ даласында таралу кезеңдеріне тоқтала отырып, қазіргі кездегі жат ағымдардың зияндылығы мен қауіптілігіне баса назар аударды. Ол өз сөзінде студент жастарға оқуда, еңбекте табыс тілей отырып, жат діни ағымдар мен қоғамымыздың тыныштығын бұзатын, пайдасы жоқ әдеттерден аулақ болуға шақырды.

Шараға машина жасау факультетінің деканы Б.Т.Шакешев, «Мұнай-газ ісі машина жасау технологиясы» кафедрасының меңгерушісі Қ.А.Нариков, кафедраның профессорлы-оқытушылар құрамы және НГД, ТМО, МС мамандықтарының 3-4 курс студенттері.

Шараға студенттердің өздерімен дайындалған көрнекті суреттер дайындалып, бейнефильм көрсетілді.

Көрсетілген фильмде Батыс Қазақстан облысының кейбір жастары дін туралы түсінікті теріс қабылдағандарын, қазіргі уақытта сол қателіктерінің кесірінен жазаларын тартып жүргендігі көрсетіліп, осы бағытта «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Хайруллина Г.М. қазақ жерінде ешқашан діни соғыстардың болмағандығын, қазақ қыздарының еш уақытта қара жамылмағандығын айтып өтті.

Соңынан бейнефильм бойынша студенттермен сұрақтар қойылып, талқыланды. Кафедра меңгерушісі Қ.А. Нариков шараны қорытындылады.

Вы здесь: Главная Магистрантам Қазіргі заманғы діннің жастарға әсері
Вы здесь: Главная Магистрантам Қазіргі заманғы діннің жастарға әсері