«БОЛАШАҚҚА» БАҒДАР БЕРГЕН ДӘРІС

191013-312 қазанда «Болашақ» Қауымдастығының мүшесі, Орал қаласының әкімі Алтай Көлгінов Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттерімен және магистранттарымен кездесті.

Кездесу барысында А.Көлгінов жиналғандарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, береке-бірлік, бейбіт өмір, әр шаңыраққа игілік пен амандық, әр студентке жаңа оқу жылында жақсы нәтиже тілеп, университет басшылығына осындай кездесуді өткізуге мұрындық болғаны үшін өз алғысын жеткізді.

191013-4Елбасының бастамасымен құрылған «Болашақ» бағдарламасына биыл 20 жыл толып отыр. Осы жылдар аралығында бағдарлама бойынша 9250 стипендия бөлінсе, қазіргі таңда әлемнің 33 елінің 200 университетінде 2796 стипендиант білім алуда. 2011 жылы «Болашақ» бағдарлама 2015 жылға дейін дамытудың жоспары бекітіліп, оған PhD докторлары мен магистранттарын тарту көзделген. Одан бөлек ҚР Білім және ғылым министрлігі бағдарлама негізінде әртүрлі салада қызмет жасайтын мамандарға шетелде тәжірибе жинақтауға мүмкіндік туғызуда.

Аталмыш бағдарлама аясында шетелде білім алған Алтай Көлгінов жастарға өзі белсенді мүшесі боп табылатын «Болашақ» қауымдастығының қызметі мен «Болашақ» бағдарламасы туралы айтып берді. «Өздеріңізге белгілі Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы 1993 жылы белгіленді. Аталмыш бастаманың негізгі идеясы – дарынды жастардың шетелде білім алуы мен тәжірибе алмасуына мемлекет тарапынан мүмкіндік туғызу. Бұл бағдарлама бойынша жыл сайын мыңнан астам түлек шетелдерде оқып, елімізге қайта оралуда», - дей келе, бағдарламаның жастар үшін жасалып жатқан зор мүмкіндік екенін, оның түлектері мемлекеттік қызметте және халықаралық ұйымдар мекемелерінде жауапты лауазымдарға ие болып, ел дамуына өз үлестерін қосып жүргенін баса айтты.

Кешегі «болашақшы», бүгінгі қала басшысының «ҚР инвестициялық және энергетикалық құқығының дамуы: өткені, бүгіні және жаһандануға бет алған болашағы» тақырыбындағы дәрісін қызығушылықпен тыңдаған студент-магистранттар құнды мәліметтерге қанық болды. Жастардың жарыса қойған сан түрлі сұрақтарына жауап берген Алтай Көлгінов ел ертеңі алаңдатар білімді жастармен кездесуге қай кезде де асық екенін жеткізді.

Вы здесь: Главная Магистрантам «БОЛАШАҚҚА» БАҒДАР БЕРГЕН ДӘРІС
Вы здесь: Главная Магистрантам «БОЛАШАҚҚА» БАҒДАР БЕРГЕН ДӘРІС