«БОЗБАЛА МЕН БОЙЖЕТКЕН»

191013-2А.Островский атындағы драма театрында облыстық жастар қауымдастығының ұйымдастыруымен алғаш рет облыстық «Бозбала мен бойжеткен» атты студенттер байқауы өтті. Сайыста аудандық және қалалық орта арнаулы оқу орындары мен қаламыздағы ЖОО-лардан 14 жұп бақ сынасты.

Байқаудың басты мақсаты қыз-жігіттердің бойындағы инабаттылық, әдемілік, сыпайылық, серілік қасиеттерді көрсетіп, өзгелерге үлгі ету, жастардың бойына ұлттық тәрбиені сіңіру болды. Қатысушылар «Таныстыру», «Нұрлы талант», «Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған», «Қыздарға әсемдік жарасады» атты кезеңдер бойынша өнерлерін ортаға салды. Әсіресе, «Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған» сайысы ерекше қызықты әрі тартысты өтті. Өйткені жігіттер финалдық сыннан бір күн бұрын Асан ауылындағы ат спорты мектебінде атқа отыру, аударыспақ секілді ұлттық спорт түрлерінен күш сынасса, қыздар Белес ауылындағы «Каркула» шаруа қожалығында сиыр сауудан жарысқа түсті. Көрермендер бұл кезеңді бейнероликтен тамашалады.

191013-1Аталған байқауға университетіміздің намысын қорғауға Дархан Аймағанбетов пен Әсел Болатбаева және Ардақ Кенжебаев пен Самал Кусаинова жұптары қатысқан болатын. Университеттік әр шараға ерекше дайындықпен атсалысатын өнерлі студенттер бұл байқауда да өз ерекшеліктерімен көрермен назарына түсу үшін көп еңбектенді. Сахнаға шығу мәдениетінен бастап, әр қимыл-қозғалысты, сөйлеу мәнері мен өзін-өзі ұстау секілді талаптарды орындау үшін де тынбай әзірленді.

Додаға түскен өнерлі жұптардың ішінен Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың намысын қорғаған Дархан Аймағанбетов пен Әсел Болатбаева жүлделі бірінші орынның биігінен көрінді.

Өнерлі жастарды қанаттандыратын осындай байқау болашақта да өз жалғасын табады деген ойдамыз. Қоғамдық шара арқылы ұлттық өнерді дәріптеп, салт-дәстүрді жастар бойына сіңіру тәрбиенің ең төте жолы болмақ.

Вы здесь: Главная Магистрантам «БОЗБАЛА МЕН БОЙЖЕТКЕН»
Вы здесь: Главная Магистрантам «БОЗБАЛА МЕН БОЙЖЕТКЕН»