ӨНЕГЕЛІ ӨМІР

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында және Қарттар күніне орай қазан айының 10-шы жұлдызында Экономика және бизнес факультетінің 1 курс студенттерінің қатынасуымен еңбек ардагері және қоғам қайраткері Қуанышбай Төлебаевтың жеке мұражайында «Өнегелі өмір» тақырыбында тәрбиелік-танымдық кездесу шарасы өтті. Бұл шараны ұйымдастыруға Рухани жаңғыру орталығының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Есқайрат Хайдаров пен Экономика және бизнес факультеті деканының тәрбие жөніндегі орынбасары Алия Досанова атсалысты. Кездесу шарасының мақсаты Ақ Жайық өңіріне еңбегі сіңген, бүгінде ел ағасы атанған Қуанышбай Төлебаев секілді тұлғалардың өнегелі өмірін студент жастарға үлгі ету және өскелең жас ұрпақты ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

32 31 

 «Көл  жағасыз,  ел  ағасыз  болмайды» дегендей, бүгіндері байтақ елге танымал азамат, белгілі қоғам қайраткері, ардагер, ел ағасы Қуанышбай Төлебайұлы Төлебаевтың өмір жолы, атқарған істері көпшілікке, соның ішінде экономика және жергілікті мемлекеттік басқару мамандығында оқитын студенттер үшін үлгі-өнеге. Қуанышбай Төлебайұлы Сыр бойынан түлеп ұшқан жас маман ретінде өз еңбекқорлығы мен табандылығының арқасындаәр жылдары Орал облыстық мелиорация және су шаруашылығы басқармасының бастығы, Орал қалалық партия комитетінің II хатшысы, қалалық депутаттар кеңесінің төрағасы, атқару комитетінің басшысы, Бөрлі ауданының әкімі лауазымды қызметтерін абыроймен атқарды.Өзінің қажырлы еңбегімен ел экономикасының өркендеуіне, қаламыздың көркиюіне қомақты үлесін қосты.Сонымен қатар кейінгі кезеңде Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары бола жүріп те Батыс Қазақстан облысында ұлтаралық жарасым мен дінаралық татулықтың жетілуіне ұйытқы бола білді.

Бүгінгі таңда Қуанышбай Төлебайұлы көпті көрген ел ағасы ретінде «Зерде-Память» қорын құрып, 15 жылдан бері өткен тарихымыздан мәлімет жинап, өз үйінің жанынан жеке мұражайын жабдықтап, қоғамдық істермен айналысып келеді.Мұражайда Қазақстанның, сондай-ақ туған өлкеміз Ақ Жайық атырабының кешегісі мен бүгінгісінен сыр шертетін құнды жәдігерлер жинақталған. Мұражай – дүниетанымды кеңейтіп, ұлтжандылыққа тәрбиелейтін  мәдени  ошақ. Рухани жаңғыру бағдарламасы шеңберінде Қуанышбай ағамыздың бұл игі бастамалары өңір басшылығының қолдауына және көпшілік халықтың ықыласына ие болып отыр.Аталмыш шара барысында Экономика және бизнес факультетінің 1 курс студенттері мұражай жәдігерлерімен кеңірек танысты. Сондай-ақ тәрбиелік мәні бар кездесуде Қуанышбай Төлебайұлы қазақ тарихына, туған жерге тағзым етуге, отбасының құндылықтарына, ерен еңбекті бағалауға қатысты ойларын ортаға салды. Шара соңында Экономика және бизнес факультеті деканының тәрбие жөніндегі орынбасары Алия Қараманқызы Досанова сөз алып, қоғам қайраткері Қуанышбай Төлебайұлына уиверситет ұжымы мен білім алушылары атынан жас ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегіне алғыс білдірді. 

36 34 

Вы здесь: Главная Магистрантам ӨНЕГЕЛІ ӨМІР
Вы здесь: Главная Магистрантам ӨНЕГЕЛІ ӨМІР