zhangir-khan1

Министр ғалымдармен кездесті

min selxoz-1Батыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүрген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов бүгін Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да болып, оқу орнының ғылыми-инновациялық әлеуетімен танысты. Университет ғалымдары мал және балық шаруашылығы, құрылыс және машина жасау, тағам өндірісі және 3Д-принтинг саласында қолға алынған ғылыми жобалар туралы баяндап, министрдің сұрақтарына жауап берді.

Оқу орнының Ақжайық етті-жүнді қой өсіретін шаруашылығында өңделген биязы жүн өнімдерімен танысу кезінде Асқар Исабекұлы «ҚР Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» аясында биылдан бастап биязы ғана емес жартылай биязы жүнді де субсидиялау көзделгенін айтты.

БҚАТУ-лық ғалымдардың сүбелі жетістігінің бірі – бекіре тұқымдас балықтарды сақтау мен өндірістік негізде көбейту және тауарлық өнім өндіру. Қазіргі таңда университет «Парасат» ұлттық-технологиялық холдингі» АҚ-мен бірлесіп, жабық су тоғандарында балықтардың өмірін сақтай отырып, қара уылдырық алу, оны өңдеу жұмыстарымен айналысуда. Ұдайы ізденіс үстінде жүретін, жаңашылдыққа жаны құмар жас ғалымдар шетелдік құрғақ құрама жемге балама ретінде экономикалық тұрғыда тиімді әрі жергілікті жағдайға бейімделген сапалы құрама жемдерді дайындауды да қолға алды. Аталмыш ғылыми жобаға қызығушылық танытқан ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов жоғары оқу орны базасында балық азығын дайындайтын цех ашу арқылы ғылыми-зерттеу жұмысындағы жаңашылдықты өндіріске енгізу мәселесіне тоқталды.

Сонымен қатар Асқар Исабекұлы кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласындағы түйткілдің бірі - ветеринар мамандар тапшылығын жою, білікті, жаңашыл кадрлар даярлау, ғылыми жобаларды коммерцияландыру және өндіріске кеңінен енгізу мәселелеріне қатысты ой бөлісті.

Айта кету керек, еліміздің батыс аймағын агроөнеркәсіп кешеніне қажетті мамандармен қамтып отырған Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың негізі 1963 жылы қаланған және бүгінгі таңда мұнда төрт мыңнан астам болашақ маман білім алуда.

min selxoz-2

min selxoz-3min selxoz-4

min selxoz-5

Социальные сети

facebookevkvk2you tube

Вы здесь: Главная Магистрантам Министр ғалымдармен кездесті
Вы здесь: Главная Магистрантам Министр ғалымдармен кездесті