Курсанттар ант қабылдады

ant1Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті жанындағы Әскери кафедрасының толық дайындық курсынан өткен 86 курсант әскери ант қабылдады. Салтанатты шараға университет ректораты, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Қарулы күш ардагерлері, студенттердің ата-аналары қатысты.

Әскери кафедра меңгерушісі А.В.Юмалин бұл шараның әрбір ант қабылдаушы студент үшін маңызды екеніне тоқталып, ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңына сай өтіп жатқандығын айтты. Университет ректораты атынан құттықтаған тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор А.Ұ.Сұлтанов ҚР Қарулы Күштерінің қатарын толықтырып, офицер атағын үлкен абыроймен алып жүретін түлектерді мақтан тұтатындығын айта келе, әскери кафедрада алған білімдеріңді тек бейбіт уақытта пайдаланыңдар деген тілегін арнады. Ата-аналар атынан сөз алған Ә.С.Абдуллина кафедра түлектерін әскери антқа адалдық танытып, тәуелсіз Қазақ елінің тыныштығы мен халқымыздың ауызбіршілігі жолында риясыз қызмет етуге шақырды.

Отан алдында әскери ант қабылдаған күн запастағы лейтенат әскери шенін алып шыққан студенттер үшін естен кетпес ерекше мереке. Олар жоғары білімді маман дипломымен әскери билетті қатар алып шығу мүмкіндігін сыйлаған білім ордасына дән риза.

Салтанатты жиын соңында үздік курсанттар университет және әскери кафедра басшылығының алғыс хаттарымен марапатталды.

ant2ant3

Дерек.

Кафедра 1965 жылы мотоатқыштар бөлімі мен КСРО Қарулы күштерінің құрылымы үшін жасақталған офицер кадрлар даярлау мақсатында құрылды. 1992 жылы қаржыландырудың тапшылығына байланысты кафедра таратылды. Осы аралықта запастағы офицерлерді дайындау бағдарламасы бойынша 5 мыңнан астам адам әскери дайындықтан өтті.

2001 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысымен Жәңгір хан атындағы БҚАТУ жанында әскери кафедра қайта құрылды. Қалыптасқан сұранысқа байланысты 2013 жылдан бастап әскери кафедра базасында ҚР Әскери-теңіз күштері үшін дайындық жүргізіледі. 2001-2016 жылдар аралығында 3336 астам адам әскери дайындықтан өтті.

ant4ant5

Вы здесь: Главная Магистрантам Курсанттар ант қабылдады
Вы здесь: Главная Магистрантам Курсанттар ант қабылдады