Университет ғалымы шетелдік журналдың редакциялық алқа құрамына кірді

eleubaiuly-1Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың ғалымы «Potravinarstvo» атты ғылыми журналының редакциялық алқасы мүшесіне кірді.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, «Эпизоотология, паразитология және ВСС» кафедрасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрғалиев Біржан Елубайұлы Scopus дерекқорына кіретін «Potravinarstvo» атты азық-түлік өнеркәсібі бойынша халықаралық ғылыми журналының редакциялық алқасы мүшесіне кірді.

Scopus – 5 мың ғылыми әлем баспаларының 21 мыңнан астам ғылыми журналдарын қамтамасыз ететін, одан әрі АҚШ, Еуропа және Жапонияның 13 млн патенттері кіретін «Elsevier» атты баспа корпорациясымен құрылған әлемдегі орасан зор дисциплинарлық библиографикалық және рефераттық дерекқор.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ұжымы Біржан Елубайұлын құттықтап, игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел-қоғам алдында абыройының арта беруіне тілектестігін білдіреді!

eleubaiuly-2

Вы здесь: Главная Магистрантам Университет ғалымы шетелдік журналдың редакциялық алқа құрамына кірді
Вы здесь: Главная Магистрантам Университет ғалымы шетелдік журналдың редакциялық алқа құрамына кірді